drift [drɪft] A.n 1. ауу, жылжу, қозғалу, ойысу, ауытқу, дрейфтеу, маңу, көшу ¨a population drift away from rural areas – тұрғындар ауылды аймақтардан ойысуда/аууда ¨attempts to halt the drift towards war – соғысқа ойысуды/ұласуды тоқтатпақ талпыныстар 2. (ағынмен, желмен не .т.с.с. кеменің, ұшақтың бағытынан) ауытқу, ауу, ойысу 3.(ағын, жел ж) қозғалу, ойысу (syn: current) ¨the general direction of drift on the east coast – шығыс жағалаудағы ағынның жалпы бағыты ¨He knew the hidden drifts in that part of the river. – Ол өзеннің әлгі жердегі білінбейтін ағысын білетін. 4.ұйысқан қар, жел үрлеген қар ¨The road was blocked by deep drifts of snow. – Жел үрлеп үймелеген қар жолды бөгеп тастапты. 5.үлкен шоғыр (гүлдердің, т.с.с.) ¨Plant daffodils in informal drifts. – Нәркестерді (нарцисс) әркелкі шоқ-шоқ етіп отырғыз. 6.жалпы мағына (syn: gist) ¨Do you catch my drift? – Нені айтып жатқанымды аңдап тұрсың ба? ¨My German isn't very good, but I got the drift of what she said. – Неміс тілім онша емес, алайда оның айтқандарын жалпылама түсіндім. B.v 1. (баяу) ойысу, ауытқу, ауу, жылжу, қозғалу, маңу, қалқу, көшу ¨Clouds drifted across the sky. – Бұлттар аспанда маңды/көшті. ¨The empty boat drifted out to sea. – Бос қайық теңізге ауып кетті. ¨A cool breeze drifted through the open window. – Салқын самал ашық терезе арқылы келіп енді. ¨Smoke drifted across the room. – Түтін бөлмеде қалқыды. ¨The crowd drifted away from the scene of the accident. – Жиналған жұрт оқиға орнынан баяу ойысты. ¨Her gaze drifted around the room. – Оның жанары бөлмені кезді. ¨People began to drift back to their houses. – Жұрт үйлеріне қарай кері жылжыды. 2. ауу, сенделу, сандалу ¨I didn't intend to be a teacher - I just drifted into it. – Мұғалім болғым келмеп еді – әйетуір ауып келдім ғой. ¨He hasn't decided what to do yet - he's just drifting. – Не істерін ол әлі шешкен жоқ – жүр ғой сандалып. ¨The conversation drifted onto politics. – Әңгіме саясатқа ауды/көшті. 4.~ in/into sth ауу, ойысу ¨Finally she drifted into sleep. – Ақыры ол ұйқыға кетті. ¨The injured man tried to speak but soon drifted into unconsciousness. – Жаралы адам сөйлегісі келген, алайда біраздан соң есінен танды. 5.жел үрлеу, үю, көшіру ¨drifting sand – көшпенді/көшпелі құм ¨Some roads are closed because of drifting. – Кейбір жолдарды басып қалып, жабылыпты. 6. қалқу, қалқыта ағызу, жылжыту ¨The logs are drifted downstream to the mill. – Бөренелерді заводқа қарай ағызды. 7. (phr v) *drift apart ажырау, алыстау ¨As children we were very close, but as we grew up we just drifted apart. – Бала күнімізде өте жақын едік, өсе келе бір-бірімізден алыстап кеттік. *drift off (to sleep) ұйқыға кету ¨I didn't hear the storm. I must have drifted off by then. – Дауылды естімедім, о кезде ұйқыға кеткен болуым керек.