drink [drɪŋk] A.n 1. сусын ¨Can I have a drink? – Сусын бар ма? ¨soft drinks – сусын ¨a drink of water – ішетін су ¨food and drink – тамақ пен сусын ¨She took a drink from the glass and then put it down. – Ол стаканнан бір ұрттап қайта қойды. 2.арақ-шарап, ішімдік ¨They went for a drink. – Олар біраз ішейін деді. ¨The drinks are on me. – Ішімдіктер үшін мен төлеймін. ¨I need a stiff drink. – Арақ ішкім келіп тұр. ¨(BrE) He's got a drink problem. – Оның ішіп қоятыны/араққа үйірлігі бар. ¨(NAmE) He has a drinking problem. – Оның ішіп қоятыны/араққа үйірлігі бар. ¨(humorous) The children are enough to drive me to drink. – Балалардың өзі-ақ мені ішкізуге дейін жеткізеді. ¨(BrE) They came home the worse for drink. – Олар ішіп алып, тәлтіректеп келді ғой үйге. ¨She took to drink after her marriage broke up. – Ажырасқаннан кейін ол ішетінді шығарды. 3. ~s (BrE) ішімдік сауығы (жиналып, арақ-шарап ішетін кеш) ¨Would you like to come for drinks on Sunday? – Жексенбі күнгі ішімдік сауығына келгің келе ме? ¨a drinks party – ішімдік кеші/сауығы B.v (drank, drunk) 1.~ (sth) ішу ¨What would you like to drink? – Не ішкің(із)/ішкілерің(із) келеді? ¨In hot weather, drink plenty of water. – Күн ыстықта көп су іш. ¨I don't drink coffee. – Кофе ішпеймін. ¨He was drinking straight from the bottle. – Ол бірден шөлмектен ішіп жатты. 2.арақ ішу ¨He doesn't drink. – Ол (арақ) ішпейді. ¨Don't drink and drive. – Ішіп алып айдама. ¨She's been drinking heavily since she lost her job. – Жұмысынан айырылғалы бері ол қатты ішіп жүр. ¨~ sth I drank far too much last night. – Өткен түні өлердей ішіптім. ¨~ yourself He had drunk himself unconscious on vodka. – Ол есінен айырылғанша арақ ішіпті. 3. (idm) *drink sb's health (BrE) біреудің денсаулығы үшін ішу, тост көтеру *drink like a fish ішімдікке салыну *drink sb under the table (informal) ішіп құлату (жарыса ішіп, жеңу) 4. (phr v) *drink sth in аса қызыға не рахаттана қарау не тыңдау ¨We just stood there drinking in the scenery. – Біз жай сол жерде тұрып, тамаша табиғат көрінісінен көз ала алмадық. *drink to sb/sth біреудің денсаулығы үшін ішу, тост көтеру (syn: toast) ¨All raise your glasses and drink to Katie and Tom! – Ал қане, Кәти мен Том үшін қалдырмай алып қойыңыздар! *drink up/drink (sth) up ішіп тастау, сіміре салу ¨Drink up and let's go. – Ішіп таста, кетелік. ¨Come on, drink up your juice. – Бол енді, бітір шырыныңды/сусыныңды.