drive [draɪv] A.v (drove, driven) 1.көлік айдау ¨Can you drive? – Айдай аласың ба? ¨Don't drive so fast! – Тым қатты айдама! ¨I drove to work this morning. – Бүгін таңертеңгісін жұмысқа машинамен бардым. ¨Shall we drive or go by train? – Машинамен барайық па жоқ поезбен бе? ¨~ sth He drives a taxi. – Ол такси айдайды. ¨What car do you drive? – Қандай машина айдап жүрсің? 2.~ sb көлікпен алып бару, жеткізу ¨Could you drive me home? – Мені үйге апарасың/жеткізесің бе? 3.~ sth бірнәрсенің күшімен жүру ¨a steam-driven locomotive – бумен қозғалатын локомотив/паровоз 4.~ sb түрткі болу; өзін-өзі мәжбүрлеу ¨The urge to survive drove them on. – Өмірге құштарлық оларды алға итермеледі. ¨You're driving yourself too hard. – Өзіңді тым қамшылап жүрсің. 5.ашуландыру, ызасын келтіру; жанұшыра әрекет етуге мәжбүр болу ¨~ sb to drive sb crazy/mad/insane – біреуді есінен тандыру/біреудің ызасын келтіру/біреуді ақылынан адастыру ¨~ sb to do sth Hunger drove her to steal. – Аштық оны ұрлыққа мәжбүрледі. ¨~ sb to sth Those kids are driving me to despair. – Мына сәбилер менің есімді шығаруда. ¨(humorous) It's enough to drive you to drink. – Саған (арақ-шарап) ішкізуге осының өзі жетіп жатыр. 6.~ sb/sth (біреуді/бірн-ні) айдау, түру ¨to drive sheep into a field – қойларды алқапқа айдау ¨The enemy was driven back. – Жау кейін қарай ығыстырылды. 7. ~ sth түрткі, себепкер болу ¨This is the main factor driving investment in the area. – Бұл инвестицияларды осы аймаққа тартып жатқан басты фактор. 8.~ sth айдау, итеру, қағу ¨to drive a nail into a piece of wood – шегені ағашқа қағу 9. ~ sth тесу, ою ¨They drove a tunnel through the solid rock. – Олар қатты жартас арқылы туннель тесті/ойды. 10.~ (sth) допты алысқа тебу, соғу 11.айдау, ұру, соғу ¨Huge waves drove the yacht onto the rocks. – алып толқындар яхтаны жартастарға айдады. ¨The waves drove against the shore. – Толқындар жағаға ұрып жатты. 12. (idm) *drive a coach and horses through sth жоспарды, тсс бұзу *drive sth home (to sb) түсіндіру, көзін жеткізу, ұққызу ¨You will really need to drive your point home. – Не айтқың келетінін ұқтырсаңшы. *what sb is driving at (informal) біреудің айтқысы келіп, меңзеп тұрған нәрсесі ¨I wish I knew what they were driving at. – Олардың нені меңзеп тұрғанын білсем ғой. 13. (phr v) *drive away/drive sb/sth away көлікпен кету; біреуді көлікпен әкету ¨We heard him drive away. – Оның (машинамен) кеткенін естідік. ¨Someone drove the car away in the night. – Біреу түнде машинамен кетті. *drive sb away бас тартуға, тартынуға мәжбүр ету ¨Her constant nagging drove him away. – Оның (әйелдің) бір тынбайтын күңкілі оны (еркекті) кетіріп тынды. ¨Terrorist threats are driving away tourists. – Террористік қауіп-қатер туристерді үркітуде. *drive off a) (жүргізуші, машина, т.с.с. ж) кету ¨The robbers drove off in a stolen vehicle. – Тонаушылар ұрланған көлікпен тайып отырыпты. b) (гольфте) допты ұрып ойынды бастау *drive sb/sth off тойтару, кері ысыру, шегіндіру ¨The defenders drove off each attack. – Қорғаушылар әр шабуылды тойтарды. *drive on айдай беру, айдауды жалғастыра беру ¨Don't stop - drive on! – Тоқтама – айдай бер! *drive sb/sth out (of sth) айдап, ысырып, ығыстырып шығару ¨New fashions drive out old ones. – Жаңа сән үлгілері көнелерін ығыстырып шығарады. ¨The supermarkets are driving small shopkeepers out of business. – Супермаркеттер шағын дүкендерді ығыстыруда. *drive sth up/down (бағаны, т.с.с.) көтеру/түсіру, жоғары/төмен айдау B.n 1. көлік айдау, сапар ¨Let's go for a drive. – Көлікпен қыдырып қайтайық. ¨a drive through the mountains – тау арасымен (көлікпен) жүру ¨It's a three-hour drive to London. – Лондонға дейін машинамен үш сағат. 2.(көліктің) кардан білігі, қозғалту білігі (орысша: карданный вал) ¨the drive shaft – кардан білігі ¨a car with four-wheel drive – төрт дөңгелегі қозғалатын машина ¨a left-/right-hand drive car – сол/оң рульді машина 3. (also driveway) (көше мен үй арасындағы) шағын, тұйық жол ¨There were two cars parked in/on the drive. – Тұйық жолда екі машина тұрақта тұрды. 4.науқан ¨a recruitment/export/economy drive – жұмысқа тарту/экспортты арттыру/үнемдеу науқаны ¨~ for sth a drive for greater efficiency – тиімділікті/пәрменділікті арттыруды көздеген науқан ¨~ to do sth the government's drive to reduce energy consumption – энергетика қолдануды азайту жөніндегі үкімет науқаны 5.ынтықтық, құштарлық ¨a strong sexual drive – нәпсінің қозуы 6. (approving) шабыт, жігер, тегеурін ¨He'll do very well - he has tremendous drive. – Ол шаруаны тындырады – оның тегеуріні қатты. 7.алысқа қатты тебіс, соққы ¨She has a strong forehand drive. – Оның құлаштай сермесі - қатты. ¨He scored with a brilliant 25-yard drive. – Ол 22 метрден тамаша соғып кіргізді. 8.диск ¨a 750GB hard drive – 750 гигабайттық қатты диск ¨a CD drive – компакт диск/CD ұясы 9. (BrE) ірі іс-шара, думан 10.аңды не жауды қуу, қаумалау 11. D~ (abbr Dr) көше(нің бір түрі) ¨21 Island Heights Drive