drop [drɒp] A.v (-pp-) 1.түс(ір)у, тастау, құла(т)у ¨The climber slipped and dropped to his death. – Өрмелеген адам тайып кетіп, құлап өлді. ¨~ sth Be careful not to drop that plate. – Байқа, табақты түсіріп алма. ¨He staggered in and dropped into a chair. – Ол тәлтіректей кіріп, креслосына құлай кетті. ¨~ sth Medical supplies are being dropped into the stricken area. – Зардап шеккен аймаққа дәрі-дәрмек жеткізілуде/әуеден тасталуда. ¨(BrE) He dropped his trousers. – Шалбарын түсіре салды. ¨(NAmE) He dropped his pants. - Шалбарын түсіре салды. ¨I feel ready to drop. – (Шаршағаннан) құлайын деп тұрмын. ¨She expects everyone to work till they drop. – Ол кімге болсын құлағанша жұмыс істеткісі келеді. 2.түсу, азаю (syn: fall) ¨The temperature has dropped considerably. – Температура әжептәуір түсті. ¨At last the wind dropped. – Ақыры жел бәсеңдеді. ¨His voice dropped to a whisper. – Ол ақырын сөйлеп сыбырлай бастады. ¨The Dutch team have dropped to fifth place. – Голландия командасы бесінші орынға түсіп қалды. ¨The price of shares dropped by 14p. –Акция/үлес бағасы 14 пенске түсті. ¨Shares dropped in price by 14p. - Акция/үлес 14 пенске түсті. ¨~ sth She dropped her voice dramatically. – Ол даусын күрт бәсеңдетті/ақырындатты. ¨You must drop your speed in built-up areas. – Тұрғынды аудандарда жылдамдығыңды түсіруің/ақырын айдауың керек. 3.your eyes/gaze ~/~ your eyes/gaze (formal) көзін, жанарын төмен салу, төмен қарау ¨Her eyes dropped to her lap. – Ол төмен (мықын жағына) қарады. 4.~ (away) (from sth) еңістеу, ылдилау, төмендеу, еңкею, құлау, құлдилау ¨In front of them the valley dropped sharply away from the road. – Алдарында жолдан әрі қарай күрт еңістеген алқап көрінді. 5.(көліктен) түсіру; апару, жеткізу ¨~ sb/sth Can you drop me near the bank? – Банктің жанынан мені түсіріп кетесің бе? ¨~ sb/sth off You left your jacket, but I can drop it off on my way to work tomorrow. – Жакетіңді тастап кетіпсің, оны ертең жұмысқа бара жатқан кезімде тастап кете аламын. 6.~ sb a line/note қысқаша хат жазу ¨Drop me a line when you get there. – Ол жерге жеткен кезде маған жаза сал. 7.~ sb/sth (from sth) шығару, тастау ¨She's been dropped from the team because of injury. – Жарақатына байланысты ол командадан шығарылды. ¨He spoke with a cockney accent and dropped his aitches. – Ол кокни акцентімен, сөз басында ‘h’-ті айтпай сөйледі. 8. ~ sb (достарымен, т.с.с.) араласпай кету, тастау ¨She's dropped most of her old friends. – Ол ескі достарының көбін тастады/көбімен араласпай кетті. 9. ~ sth тастау, доғару ¨I dropped German when I was 14. – 14 жасымда неміс тілін (оқуды) доғардым. ¨Drop everything and come at once! – Бәрін таста да бірден кел! ¨Look, can we just drop it? – Тыңда, бұл жөнінде айтпай-ақ қоялықшы? ¨I think we'd better drop the subject. – Бұл жөнінде айтпағанымыз жөн-ау. ¨Let's drop the formalities - please call me Mike. – Жөнсіз сыпайыланбай-ақыздимай-ақ Майк дей беріңіз. ¨The police decided to drop the charges against her. – Полиция оған тағылған айыптарды тастайтын болып шешті. 10.~ a hint меңзей, тұспалдай сөйлеу 11. ~ a stitch тігісті, жікті, жымды инеден шығару 11. (idm) *drop the ball (NAmE, informal) қателесіп, істі, т.с.с. құрту, бұзу ¨Let's not drop the ball on this. – Бұл істі насырға шаптырмай-ақ қояйық. *drop a brick/clanger (BrE, informal) аңғалдықпен айтып салу *drop dead 1. (informal) аяқ астынан өлу 2. (informal) қатты айту *drop sb in it (BrE , informal) аңғалдықпен біреуді ыңғайсыз жағдайға қалдыру *drop names білетін не кездескен маңызды кісілердің аттарын мақтана я бұлдана айту (related noun name-dropping) *let sb/sth drop 1.біреу/бірнәрсеге қатысты істі не әңгімені доғару ¨I suggest we let the matter drop. – Мына істі доғаралық. 2.біреу/бірн-е жайлы жазатайым не әдейі айтып қалу ¨He let it drop that the Prime Minister was a close friend of his. – Ол премьер-министрдің өзінің досы екенін айтып қалды. 12. (phr v) *drop away бәсеңдеу ¨She could feel the tension drop away. – Ол дүрдараздықтың бәсеңдегенін сезді. *drop back/behind/drop behind sb соңында қалу, артта, артында қалу ¨We cannot afford to drop behind our competitors. – Бәсекелестеріміздің артында қала алмаймыз. *drop by/in/round/drop in on sb/drop into sth біреуге не бір жерге кіре салу, кіріп шығу, бас сұғу ¨Drop by sometime. – Бір уақытта кіре кетсеңші. ¨I thought I'd drop in on you while I was passing. – Өтіп бара жатып кіре кетемін деп ойлағанмын. ¨Sorry we're late - we dropped into the pub on the way. – Ғафу ет, біз кешігеміз – жолай барға кірдік. *drop off (BrE, informal) 1.қалғып кету (syn: fall asleep) ¨I dropped off and missed the end of the film. – Қалғып кетіп, фильмнің соңын көре алмай қалдым. 2.азаю ¨Traffic in the town has dropped off since the bypass opened. – Айналма жол ашылғалы бері қаладағы көлік қозғалысы азайды. *drop out (of sth) 1.шығып қалу ¨He has dropped out of active politics. – Ол белсенді саясаттан кеткен. ¨a word that has dropped out of the language – тілден (қолданыстан) шығып қалған сөз 2.оқу орнын тастап кету (related noun dropout) (1) ¨She started a degree but dropped out after only a year. – Ол курсты бастағанымен, бір жылдан кейін-ақ тастады. 3.қыңырлық, қоғам мойындаған идеялар мен дәстүрлерді жатырқау, жақтырмау (related noun dropout) (2) B.n 1.тамшы ¨drops of rain – жаңбыр/жауын тамшысы ¨a drop of blood – қан тамшысы/тамған қан ¨a few drops of milk – бірнеше тамшы сүт ¨Could I have a drop more milk in my coffee, please? – Кофеме аз ғана сүт қатып жібересіз бе? ¨Would you like a drop of brandy? – Брәндиден тамызып жіберсем қалай? ¨I haven't touched a drop all evening. – Кеш бойы арақ-шарап татпадым. ¨He drained the last drop of beer from the glass. – Ол кружкадан сыраның қалған-құтқанын сімірді. 2. ~ (in sth) түсу, азаю ¨a drop in prices/temperature – бағаның/температураның түсуі ¨a dramatic/sharp drop in profits – пайданың қауырт/күрт түсуі ¨If you want the job, you must be prepared to take a drop in salary. – Жұмысты алғың келсе, жалақыңның азаятынына дайындала бер(гін). ¨There was a substantial drop in the number of people out of work last month. – Өткен айда жұмыссыздардың саны әжептәуір азайды. ¨a five per cent drop – бес процентке азаю 3.құлама, биіктік ¨There was a sheer drop of fifty metres to the rocks below. – Құздың етегіндегі жартастарға дейін шамамен елу метрдей болды. ¨a twenty-foot drop – жиырма футтық биіктік 4.drops дәрі тамшылары ¨eye drops – көзге тамызатын дәрі ¨Use the drops three times a day. – Тамшыларды күніне үш рет қолдан(ыңыз). 5.машинамен не ұшақпен жеткізу; әуеден тастау ¨Aid agencies are organizing food drops to civilians in the war zone. – Жәрдем агенттіктері соғыс аймағындағы азаматтық адамдарға азық-түлік жеткізуде. ¨a parachute drop – парашютпен тастау 6.титтей әрі дөңгелек не домалақ тәттілер, кәмпиттер ¨fruit drops – жемістен істелген тәттілер ¨cough drops – жөтел(ге қарсы қолд) тәттілер 6. (idm) *at the drop of a hat бірден, әп сәтте ¨The company can't expect me to move my home and family at the drop of a hat. – Компания үйім мен отбасымды бірден көшіреді екен деп ойламасын. *a drop in the ocean (BrE) (NAmE a drop in the bucket) мұхиттағы тамшыдай, мардымсыз, титтей ¨The amount of money raised was a drop in the ocean compared to what we needed. – Жинаған ақшамыз бізге қажет қаражатпен салыстырғанда қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей ғана.