drug [drʌɡ] A.n 1.есірткі, (а)наша, наркотик ¨He does not smoke or take drugs. – Ол есірткі шекпейді де, ішпейді де. ¨teenagers experimenting with drugs – есірткіге елігіп жүрген жасөспірімдер ¨I found out Steve was on drugs. – Стиввтің есірткімен әуестенетінін білдім. ¨drug and alcohol abuse – наша шегіп, арақ ішу ¨a hard drug such as heroin – героин сияқты қатерлі есірткі ¨a soft drug – жеңіл(ірек) есірткі ¨Drugs have been seized with a street value of two million dollars. – Көше(дегі) құны екі миллион доллар болатын есірткі тәркіленді. ¨She was a drug addict. – Ол нашақор/наркоман болатын. ¨She was found to be under the influence of drugs. – Ол есірткіге мастанып отырған жерінен табылды. ¨He was charged with pushing drugs. – Есірткі сатқаны үшін айыпталды. ¨(informal) I don't do drugs. – Есірткі қолданбаймын. ¨drug rehabilitation – нашақорлықтан айықтыру/реабилитация 2.дәрі, дәрі-дәрмек ¨prescribed drugs – дәрігер айтқан/рецепт бойынша берілетін дәрілер ¨The doctor put me on a course of pain-killing drugs. – Дәрігер маған шаншуды басатын дәрілер жазды. ¨drug companies – фармацевтика/дәрі-дәрмек компаниялары ¨The drug has some bad side effects. – Дәрінің кейбір кері әсерлері бар. B.v (-gg-) 1. ~ sb/sth допинг, есірткі, күшті, күшейтетін дәрі беру, есірткілеу ¨He was drugged and bundled into the back of the car. – Оған есінен танатын дәрі беріп/оны есірткілеп, машинаның артына тоғыта салыпты. ¨It's illegal to drug horses before a race. – Бәйге алдында аттарға күшті дәрі/допинг беру - заңсыз. ¨The Civil Liberties group campaigns against forced drugging of prisoners. – Азаматтық бостандықтар тобы түрмедегілерге/тұтқындарға зорлап дәрі беруге қарсы. 2. ~ sth ұйықтататын, есінен тандыратын дәрі беру ¨Her drink must have been drugged. – Оның ішімдігіне дәрі қосылған болуы керек. 3. (idm) *be drugged up to the eyeballs сылқия есірткі қолдану; сылқита есірткі беру