dry

dry [draɪ] A.adj (drier, driest) 1.құрғақ, кебу; қуаң (opp: wet) ¨Is my shirt dry yet? – Жейдем кеуіп пе? ¨Store onions in a cool dry place. – Пияздарды салқын да құрғақ жерде сақта(ңыз). ¨Her mouth felt as dry as a bone. – Аузы кеберсіп тұрды. ¨When the paint is completely dry, apply another coat. – Сыр/бояу әбден кепкен кезде тағы бір рет жақ. ¨It was high summer and the rivers were dry. – Жаздың нағыз ортасы болғандықтан өзендер кеуіп қалған еді. ¨weeks of hot dry weather – бірнеше аптаға созылған ыстық та құрғақ ауа райы. ¨the dry season – қуаң маусым ¨I hope it stays dry for our picnic. – Серуендеген кезімізде жауын жаумас деп ойлаймын. ¨a shampoo for dry hair – құрғақ шашқа арналған шампунь ¨a dry hacking cough – құрғақ жөтел 2.майсыз, вареньесіз, т.с.с. желінген ¨Breakfast consisted of dry bread and a cup of tea. – Таңғы асқа нанның өзі желініп, кофе ішілді. 3.құрғақ (тәтті емес) (opp: sweet) ¨a crisp dry white wine – нағыз құрғақ ақ шарап ¨a dry sherry – құрғақ шие ¨This wine is too dry for me. – Мына шарап (маған) тым құрғақ екен. 4.(approving) жинақы да мұқият, сөзге сараң, лепірмейтін ¨He was a man of few words with a delightful dry sense of humour. –Әжуалай ақжарқын күліп қойып, лепірмейтін/сөзга сараң адам еді. 5.құрғақ, сезімге берілмеген ¨a dry voice – құрғақ дауыс 6.қызықсыз, құрғақ  ¨Government reports tend to make dry reading. – Үкімет есептері құрғақ оқылады. 7.арақ-шарапсыз ¨We had a dry wedding. – Үйлену тойымызға арақ-шарап қоймадық/құймадық. ¨a dry county/state – арақ-шарапсыз/алкоголь сатылмайтын аудан/штат 8. (informal, especially BrE) шөлдеген, қаталаған; шөлдететін ¨I'm a bit dry. – Аздап шөлдеп тұрмын. ¨This is dry work. – Бұл шөлдететін жұмыс. 9. (idm) *milk/suck sb/sth dry «біреуден/бірн-еден сауып/сорып алу» (біреудің/бірн-енің бар қаражатын, жәрдемін, информациясын, тсс алып, орнына ештеңе бермеу) ¨By earning millions from racing and giving pennies back, the bookmakers are sucking the sport dry. – Жарыстан миллиондап тауып, есесіне тиын-тебен ғана беріп, букмейкерлер/бәс тігу агенттері спортты сорып жатыр. *not a dry eye in the house (humorous) кемсеңдемеген, көзіне жас алмаған адам болмады ¨There wasn't a dry eye in the house when they announced their engagement. – Олар некелескені жөнінде жария еткенде үйде кемсеңдемеген кісі болмады. *run dry кеуіп қалу, құрғап кету; біту, таусылу, түгесілу ¨The wells in most villages in the region have run dry. – Аймақтағы ауылдардың көпшілігіндегі құдықтар кеуіп қалды. ¨Vaccine supplies started to run dry as the flu outbreak reached epidemic proportions. – Тұмаумен ауру індетке/эпидемияға айналған соң жеткізілген вакциналар таусыла бастады. ¨Native resources of scientific talent and ingenuity have not run dry. – Ғылыми дарын/талант пен данышпандықтың табиғи көздері/қорлары әлі таусылған жоқ. B.v (dries, drying, dried, dried) 1.құрғау, кебу ¨He did the laundry and hung it out to dry. – Ол кір жуып, жайды. ¨Be careful. The paint hasn't dried yet. – Байқа(ңыз-дар). Сыр әлі кеппеді. ¨You wash the dishes and I'll dry. – Ыдыс-аяқты сен жу, ал мен сүртейін. ¨~ sth Use this towel to dry your hands. – Орамалмен қолыңды сүрт. ¨dry your hair – шашыңды кептір ¨to dry your eyes/tears – көз жасын тоқтату 2. (phr v) *dry off/dry sb/sth off кебу, кептіру, құрға(т)у, кептіріну ¨We went swimming and then lay in the sun to dry off. – Жүзуге барған соң күнге қыздырындық. ¨We dried our boots off by the fire. – Бәтіңкелерімізді отқа кептірдік. *dry out/dry sb out (informal) арақ ішуді қою; арақ ішуден емдеу ¨He went to an expensive clinic to dry out. – Арақты тоқтату үшін ол қымбат клиникаға барды. *dry out/dry sth out құрға(т)у, кебу, кептіру ¨Water the plant regularly, never letting the soil dry out. – Өсімдікті ылғи да су(ғ)ар, топырағы кеуіп қалмасын. ¨Hot sun and cold winds can soon dry out your skin. – Ыстық күн мен суық жел теріні кептіріп жібереді. *dry up 1. (өзен, көл, т.с.с. ж) кеуіп, құрғап қалу ¨During the drought the river dried up. – Қуаңшылық/құрғақшылық кезінде өзен кеуіп кетті. 2.біту, таусылу ¨As she got older, offers of modelling work began to dry up. – Егде бола түскен сайын, оған ұсынатын модельдік жұмыстар азая түсті. 3.ұмытып қалу, білмей қалу ¨The play was going very well until one of the actors suddenly dried up. – Актерлардің бірі сөзін ұмытып қалғанға дейін пьеса жақсы жүріп жатқан еді. *dry up/dry sth up (BrE) сүрту ¨I'll wash and you can dry up. – Мен жуамын, ал сен сүрт.