dusk [dʌsk] n ымырт, іңір, қаракеуім, ақшам (күн батып, қараңғы түсе бастаған кез) (syn: twilight) ¨The street lights go on at dusk. – Көше шамдары ымыртта жанады. ¨I've been on the go from dawn to dusk. – Таңсәріден ымыртқа дейін тыным таппадым. ¨She arrived home as dusk was falling. – Ымырт үйірілгенде ол үйге жетті.