dust [dʌst] A.n 1.шаң, тозаң ¨A cloud of dust rose as the truck drove off. – Жүк машинасы кеткен кезде бұрқ етіп шаң көтерілді. ¨The workers wear masks to avoid inhaling the dust. – Шаң жұтпас үшін жұмысшылар маска киеді. ¨The books were all covered with dust. – Кітаптардың бетін тегіс шаң басыпты. ¨There wasn't a speck of dust anywhere in the room. – Бөлмеде титтей де шаң болған жоқ. ¨She is allergic to house dust. – Үй шаңына оның аллергиясы бар. ¨That guitar's been sitting gathering dust for years now. – Жылдар бойы бұл гитараны шаң басып жатты. 2.тозаң ¨coal/gold dust – көмір, алтын тозаңы 3.(idm) *leave sb in the dust (NAmE) біреуге шаң қаптыру (озып кету я жеткізбей кету) *let the dust settle/wait for the dust to settle аңдысын аңду, әліптің артын бағу, жағдайдың анық-қанығына көз жеткізу ¨He waited for the dust to settle after the election before making any new decisions. – Сайлау өткеннен соң қандай да бір шешім қабылдамас бұрын ол әліптің артын бағайын деді. B.v 1.шаңнан тазалау, сүрту ¨I broke the vase while I was dusting. – Сүртіп жатып вазаны сындырып алдым. ¨~ sth Could you dust the sitting room? – Отыратын бөлмені тазалап жібересің бе? 2. ~ sth шаңды қағу, щеткалау ¨She dusted some ash from her sleeve. – Жеңіндегі күлді қақты. 3.~ sth (with sth) шаң, тозаң басу ¨Dust the cake with sugar. – Тортқа қант ұнтағын сеп. 4. (phr v) *dust sb/sth down (especially BrE) шаң-тозаңды қағу, тазалау ¨Mel stood up and dusted herself down. – Мел тұрып үстін қақты. *dust sb/sth off шаңнан, кірден тазалау ¨She got out the best china and dusted it off. – Ол тамаша фарфор ыдыс тапты да сүртіп шықты. ¨He put down the box and dusted off his hands. – Ол жәшікті қойып қолдарын (шаңнан) қақты. ¨(figurative) For the concert, he dusted off some of his old hits. – Концертке арнап ол өзінің ескірген жақсы әндерін/хіттерін дайындады.