duty [ˈdjuːti] n (pl duties) 1.міндет, борыш ¨It is my duty to report it to the police. – Полицияға мұны хабарлау – менің міндетім/борышым. ¨Local councillors have a duty to serve the community. – Жергілікті кеңес/мәслихат мүшелері сол жердегі қауымға қызмет көрсетуге міндетті. ¨I don't want you to visit me simply out of a sense of duty. – Бару міндетім екен деп қана маған келуіңді қаламаймын. ¨your duties as a parent – ата-ана ретіндегі міндеттерің ¨to do your duty for your country – туған еліңе деген борыштарыңды өтеу/міндеттеріңді орындау ¨I'll have to go I'm afraid - duty calls. – Баруым керек деп ойлаймын – борыш сезімі мазалайды. ¨The company owes a duty of care to its customers. – Компания өз тұтынушыларына дұрыс қарауға міндетті. 2.жұмыс, міндет ¨Report for duty at 8 a.m. – Жұмысына таңғы 8-де келу. 3.duties тапсырма, жұмыс, міндет, қызмет ¨I spend a lot of my time on administrative duties. – Әкімшілік жұмыстарға көп уақтым кетеді. ¨Your duties will include setting up a new computer system. – Тапсырмаларыңның ішіне жаңа компьютер жүйесін орнату кіреді. 4.төлем, салық ¨customs/excise/import duties – кеден/акциз/импорт төлемдері/салықтары ¨~ on sth duty on wine and beer – шарап пен сыраға (салынатын) салықтар 5. (idm) *on/off duty (медбикелер, полиция қызметкерлері, т.с.с. ж) кезекші болу, міндетте болу ¨Who's on duty today? – Бүгін кім кезекші? ¨What time do you go off duty? – Кезекшіліктен/міндеттен қашан босайсың?