ear

ear [ɪə(r); NAmE ɪr] n 1.құлақ ¨an ear infection – құлақ инфекциясы ¨the inner/outer ear – ішкі/сыртқы құлақ ¨She whispered something in his ear. – Ол (қыз, әйел) оның (баланың, т.с.с.) құлағына бірдеңе сыбырлады. ¨He put his hands over his ears. – Ол қолдарын құлақтарының үстіне қойды. ¨She's had her ears pierced. – Оның құлағын тесті. ¨The elephant flapped its ears. – Піл құлағын қақты. ¨He was always there with a sympathetic ear. – Ол ылғи да бірдеңе естігісі келіп тұратын. 2. -eared (in adj) құлақты, құлағы ¨a long-eared owl – ұзын құлақты үкі 3.қағылез, есту қабілеті жақсы ¨She has always had an ear for languages. – Оның тілдерді ылғи да тез үйренетін. ¨You need a good ear to master the piano. – Пианино үйрену үшін есту қабылеті жақсы болуы керек. 4. басмасақ, собық (егіннің дәнді басы) ¨ears of corn – жүгері собығы 5. (idm) *be all ears (informal) құлақ түрген ¨‘Do you know what he said?’ ‘Go on - I'm all ears.’ – «Оның не айтқанын білесің бе?» «Айта бер – құлағым түрулі». *be out on your ear (informal) (жұмыстан, т.с.с.) кетуге мәжбүр болу *be up to your ears in sth шаруасы бастан асып жату ¨We're up to our ears in work. – Жұмысымыз бастан асып жатыр. *sth comes to/reaches sb's ears (хабар ж) біреудің құлағына жету ¨News of his affair eventually reached her ears. – Оның оңды-солды жүретіні жайлы хабар ақыры әйелінің құлағына жетті. *sb's ears are burning құлағы шулау, біреуді өсектеу ¨All this gossip about Sarah – her ears must be burning! – Сара жайлы ел гу-гу етеді – құлағы шулап жатқан болар! *sb's ears are flapping (BrE, informal) «құлағы желпінуде», біреудің әңгімесін тыңдап алмақ болу *go in one ear and out the other (informal) (хабар, т.с.с.) бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығып кету, тез ұмытылу, есте қалмау ¨Everything I tell them just goes in one ear and out the other. – Оларға айтқандарымның бәрі бір құлақтарынан кіріп, екінші құлағынан шығып кетеді. *have sth coming out of your ears (informal) аузы-мұрнынан шығу ¨That man has money coming out of his ears. – Оның ақшасы аузы-мұрнынан шығады. *have sb's ear/have the ear of sb біреуге кеңес бере алатын дәрежеде болу ¨He had the ear of the monarch. – Ол монархтың сеніміне кірген адам. *keep/have your ear to the ground құлағы түрік жүру, бәрінен хабардар болып отыру ¨The agent had no suitable properties on his books but promised to keep an ear to the ground for us. – Агенттің дерекқорында лайықты үй жоқ екен, алайда біз үшін құлағын түріп жүруге уәде берді. *play (sth) by ear есте сақтап (нотамен емес) музыка ойнау *play it by ear (informal) әліптің артын бағу, жағдаймен танысып барып қимылдау ¨I'm not sure how many people are expected - we'll just have to play it by ear. – Қанша кісі келетінін білмеймін – жағдайға қарай көрелік. ¨I don't know what they'll want when they arrive - we'll have to play it by ear. – Олар келгенде не істегісі келетінін білмеймін – жағдайға қарай көрейік. *shut/close your ears to sth тыңдағысы келмеу ¨She decided to shut her ears to all the rumours. – Ол гулеген өсек-аяңды естімеуге тырысты. *smile/grin/beam from ear to ear мәз-майрам болу, езуі құлағына жету *with half an ear жарты құлағымен тыңдау, онша мән бермеу