easily [ˈiːzəli] adv 1.оңай, жеңіл, қиындықсыз ¨I can easily finish it tonight. – Мұны мен түнде оңай бітіре аламын. ¨The museum is easily accessible by car. – Музейге машинамен оңай жетуге болады. ¨Learning languages doesn't come easily to him. – Тіл үйрену оған оңай емес. 2.әбден ықтимал, әбден мүмкін ¨Are you sure you locked the gate? You could easily have forgotten. – Қақпаны шынымен жаптың ба? Ұмытып кеткен шығарсың. ¨The situation might all too easily have become a disaster. – Жағдай оп-оңай апатқа айналып кетер еді. 3. ~ the best, nicest, etc. шын(ымен), рас(ымен), нақты ¨It's easily the best play I've seen this year. – Биыл көрген пьесаларымның ішіндегі бұл шынымен де жақсысы. ¨She is easily the most experienced teacher in the school. – Ол расында да мектептегі ең тәжірибелі мұғалім. 4.тез, оп-оңай ¨I get bored easily. – Мен тез зерігіп кетемін. ¨He's easily distracted. – Оның ойы тез бөлінеді.