eat [iːt] v (ate, eaten) 1.жеу, тамақтану, ас ішу, қоректену, асау, астану, азықтану ¨I was too nervous to eat. – Қобалжығаным соншама, жей де алмадым. ¨She doesn't eat sensibly. – Ол қалай болса солай тамақтанады. ¨~ sth I don't eat meat. – Ет жемеймін. ¨Would you like something to eat? – Бірдеңе жегің келе ме? ¨I couldn't eat another thing. – Тамақтанып алғанмын. ¨Where shall we eat tonight? – Кешкісін қайда тамақтанамыз? ¨We ate at a pizzeria in town. – Біз қалада бір пиццерияда тамақтандық. 2. (idm) *eat sb alive (informal) «тірідей жеу» 1. аямай ұрсу, жазалау ¨He'll eat you alive if he ever finds out. – Біліп қойса ол сені сояды. 2.талқанын шығара жеңу ¨The defence lawyers are going to eat you alive tomorrow. – Қорғаушы адвокаттар ертең сені тірідей жейді. 3.шыбын-шіркейдің талауы ¨I was being eaten alive by mosquitoes. – Мені құмыты аямай талады. 4.*eat, drink and be merry (saying) жасарыңды жасап, асарыңды асап ал дег мағ *eat your heart out! (informal) ішің күйсе тұз жала, қызғаныштан жарыла жаздау дег мағ ¨Look at him dance! Eat your heart out, Fred Astaire. – Ананың билесін қара! Оу, Фред Әстаирдың өзін шаң қаптырады ғой мынауың! ¨"Mozart, eat your heart out!" said the organ player after a successful concert. – Өте сәтті концерттен кейін органда ойнаушы «Моцарт, айдалада қалдың!», деді. *eat your heart out (for sb/sth) (especially BrE) қалаған адамына не нәрсесіне қолы жетпегендіктен қайғыру, налу ¨I'm not going to mope at home, eating my heart out for some man. – Қайдағы бір еркек үшін үйде отырып алып налиын деген мен жоқ. *eat humble pie (BrE) (NAmE eat crow) қатесін түсініп, кею *eat like a horse (informal) қасқырша асау, жұту ¨She may be thin, but she eats like a horse. – Қылдырықтай болғанымен ол қасқырша асайды. *eat out of your/sb's hand біреуге имандай сеніп, айтқанына көну ¨She'll have them eating out of her hand in no time. – Ол оларға бірден жем болады. ¨Within two minutes of walking into the classroom, she had the kids eating out of her hand. – Класс бөлмесііне кірген бойда балалар оны қаумалап алды. ¨He had the press eating out of his hand. – Баспасөз оны ту-талақай етті. *eat sb out of house and home (informal, often humorous) біреудің тамағын түгін қалдырмай жеу ¨How much longer is he staying? He's eating us out of house and home. – Ол тағы қанша қалмақшы? Барымызды жеп болатын болды ғой. *eat your words сөзін кері алу, қатесін мойындау *I could eat a horse (informal) түйені түгімен жұтуға дайын едім дег мағ *I'll eat my hat (informal) тонымды шешіп берейін, яғни мүмкін емес, неғайбыл дег мағ ¨If she's here on time, I'll eat my hat! – Егер ол уақтында келсе мен тонымды шешіп берейін! *what's eating him, etc? (informal) оны не жегідей жеп жүр? Оны не мазалап жүр? дег мағ 5. (phr v) *eat sth away бірте-бірте азаю, мүжілу, жойылу (syn: erode) ¨The coastline is being eaten away year by year. – Теңіз жағалауы жылдар өте мүжілуде. *eat away at sth/sb a) бірте-бірте азаю, мүжілу, жойылу; жас(ыт)у, діңкеле(т)у ¨Woodworm had eaten away at the door frame. – Ағаш құрты есік қашегін жеп бітірді. ¨His constant criticism ate away at her self-confidence. – Оның (еркектің) ылғи сынауы оның (әйелдің) өз-өзіне сенімін жасытты. b) уайым, қайғы жеу ¨The thought of her child left helpless and alone ate away at her. – Балам жалғыз әрі көмексіз қалды-ау деген ой оны діңкелетті. *eat into sth a) ақшасының, уақтының бір бөлігін жұмсауға мәжбүр болу ¨Those repair bills have really eaten into my savings. – Жөндеуге кеткен шығындар жинаған ақшаға қол салды. b) бірнәрсенің бетін жою я зақымдау ¨Rust had eaten into the metal. – Тат темірді зақымдады. *eat out сырттан тамақ ішу ¨Do you feel like eating out tonight? – Бүгін бір жаққа барып тамақ ішсек қайтеді? *eat up/eat sth up жеп бітіру ¨Eat up! We've got to go out soon. – Жеп бітіргін! Бізге тез шығу керек. ¨Come on. Eat up your potatoes. – Бол енді. Картобыңды жеп қой. *eat sb up жегідей жеу, санасына тыным болмау ¨She was eaten up by regrets. – Өкініш оны есеңгіретті/тұралатты. *eat sth up көп мөлшерде пайдалану, тсс ¨Legal costs had eaten up all the savings she had. – Сот шығындары оның жиған-терген ақшасының түгін қалдырмады.