echo [ˈekəʊ] A.n (pl ~es) 1.жаңғырық, дүмпу ¨There was an echo on the phone and I couldn't hear clearly. – Телефон жаңғырып шықты дағы мен анық ести алмадым. ¨The hills sent back a faint echo. – Жоталардан әлсіз жаңғырық қайтты. ¨the echo of footsteps running down the corridor – коридормен жүгірген аяқтардың дүмпуі 2.ұқсас, айнымаған нәрсе, жаңғырық, шағылысқан нәрсе, қайталау ¨Yesterday's crash has grim echoes of previous disasters. – Кешегі күйреу бұрынғы апаттардың сүреңсіз жаңғырығы іспетті. ¨His words were an echo of what she had heard many times before. – Оның сөздері осыған дейін талай естігендерінің жаңғырығы секілді. ¨The speech found an echo in the hearts of many of the audience. – (Сөйленген) сөз тыңдармандардың көпшілігінің көңілінен шықты/жүректеріне барып «шағылысты». B.v (echoes, echoing, echoed, echoed) 1.жаңғыру, дүмпу (syn: reverberate) ¨Her footsteps echoed in the empty room. – Оның аяқтарының жүрісі бос бөлмені дүмпітті. ¨The gunshot echoed through the forest. – Мылтық дауысы орманды жаңғыртып жіберді. ¨The whole house echoed. – Бүткіл үй жаңғырды. ¨~ to/with sth The street echoed with the cries of children. – Көше балалардың шуылынан гуілдеді. ¨~ sth (back) The valley echoed back his voice. – Оның дауысын алқап жаңғырта қайтарды. 2.~ sth қайталау, (басқа бір пікірді) жаңғырту ¨‘More police, that's what we need,’ he said, echoing his father's views on the subject. – «Бізге керегі көбірек полиция», деді ол әкесінің пікірін жаңғырта/қайталай. ¨This is a view echoed by many on the right of the party. – Бұл партияның оң қанатындағылардың айтып жүрген пікірі. ¨‘He's gone!’ Viv echoed. – «Ол кетті», деп қайталады Вив.