ecstatic [ɪkˈstætɪk] adj шаттанған, масайраған, есі кете қуанған, шаттыққа мастанған; шабыттанған, денесін жігер кернеген (syn: delighted) ¨Sally was ecstatic about her new job. – Сәлли жаңа жұмысы дегенде есі шығатын/жанын қоярға жер таппайтын. ¨ecstatic applause/praise/reviews – ду қол шапалақтау/жер, көкке сыйдырмай мақтау/сыншылар берген қошеметтер ¨He gave an ecstatic sigh of happiness. – Шаттыққа масайған ол «үһ» деп бір күрсінді. ecstatically [-kli] adv [қ-з: ecstatic] ¨For a time, we were ecstatically happy. – Біраз уақытқа біз шаттыққа бөленген едік.