edge [edʒ] A.n 1.шек, жиек, шет, жаға, қыр; маң ¨He stood on the edge of  the cliff. – Ол құздың шетінде/қырында тұрды. ¨a big house on/at the edge of town – қала шетіндегі/маңындағы үлкен үй ¨Don't put that glass so near the edge of the table.Ол стаканды стол шетіне тым тақай қойма. ¨I sat down at the water's edge.Мен су жиегінде/шетінде/жағасында отырдым. 2.жүз (пышақтың, т.с.с.) ¨Be careful - it has a sharp edge.Байқа – жүзі өткір. 3. (usually the ~) асқыну шегі (syn: brink, verge) ¨They had brought the country to the edge of disaster. – Олар елді апат шегіне/жиегіне жеткізді. 4.аздаған басымдық ¨The company needs to improve its competitive edge. – Компания өзінің бәсекеге қабілетін жетілдіруі керек. ¨~ on/over sb/sth They have the edge on us. – Басымдық бізге қарағанда оларда. 5.мықтылық, қабілеттілік 6. ширығыс, жінігу, жінігіс ¨He did his best to remain calm, but there was a distinct edge to his voice. – Ол сабырлы болуға тырысқанымен, дауысынан бір ширығыс сезіліп тұрды. 7. -edged (in adjectives) бірнәрсе жүзді, қырлы, шеті, етегі пәлендей деген мағ ¨a lace-edged handkerchief – жиегі шілтерленген/шілтермен әдіптелген қол орамал ¨a regular square-edged tile – кәдімгі төртбұрыш(ты) кафель/плитка  ¨edged tools used by carpenters – балташылар қолданатын жүзі өткір құрал-сайман ¨a single-edged razor blade – жалқы жүзді ұстара ¨rough-edged – жүзі кедір-бұдыр ¨two-edged – қос жүзді (ұстара) 8. (idm) *be on edge ширығып, жінігіп тұру, дегбірі қашу *on the edge of your seat делебесі қозған, бірнәрсеге есі кете, қатты беріле көңіл қойған, тағат таппаған ¨The game had the crowd on the edge of their seats. – Ойын жұрттың делебесін қоздырды. ¨I was on the edge of my seat waiting to find out what happened next. – Содан кейін не болғанын білгім келіп тағат таппадым. *take the edge off sth бәсеңдету, басу, азайту ¨The sandwich took the edge off my appetite. – Сәндуич жеп, жүрек жалғадым. ¨I took an aspirin to take the edge off the pain. – Шаншуды бәсеңдету үшін аспирин іштім. ¨A squeeze of lemon takes the edge off the sweetness. – Лимон сықпасы тәттілікті басады. B.v 1.баяу жылж(ыт)у, қозғал(т)у ¨She edged a little closer to me. – Ол маған сәл жақындады. ¨I edged nervously past the dog. – Иттен қорқа-қорқа әзер өттім. ¨~ sth Emily edged her chair forward. – Эмили креслосын алға жылжытты. 2.~ sth (with/in sth) жиегіне бірнәрсе қою, бірнәрсемен әдіптеу, жиектеу ¨The handkerchief is edged with lace. – Қол орамал шілтермен әдіптеліпті. 3.сәл көтерілу, түсу ¨Prices edged up 2% in the year to December. – Желтоқсанға дейінгі бір жыл ішінде бағалар 2%-ке көтерілген. 4. (phr v) *edge sb/sth out (of sth) жылыстату, баяу, ақырын шеттету, кетіру ¨She was edged out of the company by the new director. – Оны жаңа директор компаниядан жылыстатып тынды.