edition [ɪˈdɪʃn] n 1.басылым ¨a paperback/hardback edition – мұқабасы қағаз/картон (қатты) басылым ¨She collects first editions of Victorian novels. – Ол Виктория дәуірінде шыққан романдардың тұңғыш басылымдарын коллекциялайды/жинайды. ¨the electronic edition of ‘The Guardian’ – «Гардианның» электрон(дық) басылымы. 2.ұдайы шығатын басылым не көрсетілетін телебағдарлама, хабар; номер ¨Tonight's edition of ‘Panorama’ looks at unemployment. – «Панораманың» бүгін кешкі көрсетілімі жұмыссыздыққа арналған. ¨The story was in Tuesday's edition of ‘The New York Times’. – Ол оқиға жайлы «Нью-Йорк Таймстың» сейсенбі күнгі нөмерінде жазылған. 3. (abbr ed.) басылым (кітаптың, газет-журналдың бір мезгілдегі басылымы) ¨The dictionary is now in its eighth edition. – Сөздік міне сегізінші рет басылып отыр. ¨The article appeared in the evening edition of ‘The Mercury’. – Мақала «Меркюридің» кешкі басылымында жарық көрді.