educate [ˈedʒukeɪt] v 1.~ sb білім беру, оқыту ¨She was educated in the US. – Ол АҚШ-та білім алған. ¨He was educated at his local comprehensive school and then at Oxford. – Ол өзінің жергілікті орта мектебінде, сосын Оксфордта білім алған. 2.(белгілі бір нәрсеге) оқыту, үйрету ¨~ sb (in/on sth) Children need to be educated on the dangers of drug-taking. – Есірткі/наркотик қолданудың қатерлі жақтарына балалардың көзін ашу керек. ¨~ sb to do sth The campaign is intended to educate the public to respect the environment. – Науқан/кампания қоғамды айналаны қорғауға үйретуге ниеттенген.