effect [ɪˈfekt] A.n 1.~ (on sb/sth) әсер, ықпал; нәтиже ¨the effect of heat on metal – ыстықтың темірге/металға әсері ¨dramatic/long-term effects – ауқымды/ұзақ мерзімді әсерлер ¨to learn to distinguish between cause and effect – себеп пен салдарды ажырата білуге үйрену ¨the beneficial effects of exercise – шынығудың жағымды әсері ¨Modern farming methods can have an adverse effect on the environment. – Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығымен айналысу тәсілдерінің қоршаған ортаға кері әсерлерінің болуы мүмкін. ¨Her criticisms had the effect of discouraging him completely. – Ол әйелдің айтқан сын-ескертпелері оның мысын басып тастады. ¨Despite her ordeal, she seems to have suffered no ill effects. – Басынан кешкендеріне қарамастан ол пәлендей жапа шекпеген сияқты. ¨I can certainly feel the effects of too many late nights. – Талай кеш ұйқының әсерін енді анық сезінудемін. ¨I tried to persuade him, but with little or no effect. – Мен оны көндіремін деп құры босқа әуреленіппін. 2.әсер, көрініс ¨The overall effect of the painting is overwhelming. – Жалпы алғандағы мына суреттің көрінісі керемет. ¨The stage lighting gives the effect of a moonlit scene. – Сахнадағы шам ай жарығындағы көріністі береді. ¨Add a scarf for a casual effect. – Киімге жеңілдік беру үшін шарф таққын. ¨He only behaves like that for effect. – Ол елдерді қарату үшін осындай қылықтар жасайды. 3. ~s (formal) жеке мүлік (syn: belongings) ¨The insurance policy covers all baggage and personal effects. – Сақтандыру полисі барлық жүк пен жеке мүлікті қамтиды. 4.(idm) *bring/put sth into effect күшіне ену ¨The recommendations will soon be put into effect. – Ұсыныстар жуық арада күшіне енеді. *come into effect күшіне ену, істей, қолданыла бастау ¨New controls come into effect next month. – Жаңа бақылаулар келесі айдан бастап күшіне енетін болады. *in effect a) іс жүзінде, шын мәнінде, расында ¨In effect, the two systems are identical. – Іс жүзінде, екі жүйе бір-бірінен айнымайды. ¨His wife had, in effect, run the government for the past six months. – Іс жүзінде, оның әйелі соңғы алты айда үкіметті басқарып келді. ¨By asking for these particular qualifications, you are, in effect, excluding most women from applying. – Мына талаптарды қоя отырып, іс жүзінде, сен/сіз көптеген әйелдерді жұмысқа өтініш беруден қашырып отырсыз. b) (заң я ереже ж) қолданыстағы, күші бар ¨These laws are in effect in twenty states. – Бұл заңдардың жиырма штатта/мемлекетте күші бар/қолданыста. *take effect a) әсер ете бастау ¨The aspirins soon take effect. – Аспириндер біраздан соң әсер ете бастайды. b) күшіне ену, қолданыла бастау ¨The new law takes effect from tomorrow. – Жаңа заң ертең күшіне енеді. *to the effect that…/to this/that effect «деген сияқты, сол сияқты» дег мағ, жалпы мағынасын жеткізу ¨He left a note to the effect that he would not be coming back. – Ол енді оралмаймын деген сияқты сөздер жазылған жазба/записка қалдырыпты. ¨She told me to get out - or words to that effect. – Ол маған кет, құры, анау-мынау деді. *to good, great, dramatic, etc. effect жақсы, сәтті, алай-түлей, т.с.с. нәтиже, әсер қалдыру *to no effect құры босқа, бекер дег мағ ¨We warned them, but to no effect. – Оларға ескертсек те ештеңе шықпады. *with immediate effect/with effect from…  (formal) бірден күшіне енген, қазірден бастап ¨The government has cut interest rates with effect from the beginning of next month. – Үкімет келесі айдың басынан бастап проценттік ставкаларды кесті. B.v ~ sth (formal) әсер ету, болғызу ¨to effect a cure/change/recovery – шипасы тию/өзгеріске/айығуына сеп болу