effective [ɪˈfektɪv] adj 1.пәрменді, нәтижелі, тиімді, әсерлі, ықпалды (opp: ineffective) ¨Long prison sentences can be a very effective deterrent for offenders. – Ұзақ мерзімді соттау/жазаға кесу қылмыскерлердің айылын жиғызуы мүмкін. ¨Aspirin is a simple but highly effective treatment. – Аспирин – қарапайым да өте пәрменді ем. ¨drugs that are effective against cancer – ракқа/обырға қарсы пәрменді дәрілер ¨Some people believe that violence is an effective way of protesting. – Кейбір адамдар бұзақылық наразылықтың тиімді жолы деп есептейді. ¨I admire the effective use of colour in her paintings. – Оның суреттеріндегі түстердің тиімді пайдаланылғанына сүйсінемін. 2.іс жүзінде, шын мәнісінде ¨the effective, if not the actual, leader of the party – іс жүзіндегі, нақты болмаса да, партия жетекшісі ¨In spite of what they are told, parents have no effective choice of schools. – Кім не айтса да ата-аналардың, іс жүзінде, мектеп таңдайтын шамасы жоқ. ¨He has now taken effective control of the country. – Ол, іс жүзінде, ел тізгінін қолына алды. 3. (formal) (заңдар, ережелер ж) күшіне енетін ¨The new speed limit on this road becomes effective from 1 June. – Бұл жолдағы жаңа жылдамдық шегі 1 маусымнан бастап күшіне енеді.