effort [ˈefə(r)t] n 1.ұмтылыс, талпыныс, күш салу ¨You should  put more effort into  your work. – Жұмысыңа көбірек күш салуың керек. ¨A lot of effort has gone into making this event a success. – Осы оқиғаны табысты ету үшін көп күш жұмсалды. ¨The company has invested a great deal of time and effort in setting up new training schemes. – Жаңа даярлау жобаларын іске қосу үшін компания әжептәуір уақыт пен күш жұмсады. ¨It's a long climb to the top, but well worth the effort. – Шыңға ұзақ өрмелесе де кеткен күш зая кетпейді. ¨Getting up this morning was quite an effort. – Бүгін таңертең(гісін) тұрудың өзі бір күш болды. ¨(BrE) With (an) effort she managed to stop herself laughing. – Әрең дегенде күлкісін тыя алды. ¨a determined/real/special effort – бел шеше/шынымен де/арнайы кірісу ¨to make an effort - талпыну ¨I didn't really feel like going out, but I am glad I made the effort. – Тысқа шығамын деп ойламаған едім, дегенмен қимылдағаным жақсы болыпты. ¨~ (to do sth) The company has laid off 150 workers in an effort to save money. – Компания қаражат үнемдейміз деп 150 жұмыскерді қысқартты. ¨The local clubs are making every effort to interest more young people. – Жастарды өзіне тарту үшін жергілікті клубтар бәрін/жанын салып жатыр/тырысып (бағып) жатыр. ¨We need to make a concerted effort to finish on time. – Дер кезінде бітіру үшін жұмыла әрекет еткеніміз лазым. ¨With an effort of will he resisted the temptation. – Ерік-жігерінің арқасында ол елігуден сақтанды/нәпсісін тыйды. ¨The project was a joint/group effort. – Жоба бірлескен іс/топтың ісі еді. ¨I'm afraid this essay is a poor effort. – Эссе нашар шықты ма деп қорқамын. 2.әрекет, талпыныс, шара, іс, шаруа ¨the Russian space effort – Ресейдің/орыстардың ғарыштағы шаруалары ¨the United Nations' peacekeeping effort – БҰҰ бітімгерлік шаралары