element [ˈelɪmənt] n 1. ~ (in/of sth) элемент, бөлік ¨Cost was a key element in our decision. – Құн мәселесі шешіміміздің басты бөлігі болды. ¨The story has all the elements of a soap opera. – Оқиғада сабын операсының барлық белгілері/сарыны бар. ¨Customer relations is an important element of the job. – Тұтынушылармен/клиенттермен айналысу жұмыстың маңызды бөлігі. 2.~ of surprise, risk, truth, etc. таңғалыс, тәуекел, шындық, т.с.с. элементі, табы, құрамы ¨We need to preserve the element of surprise. – Аздап таңғалатындай етіп істелік (сөзбе-сөз: Біздің таңғалыс элементін/құрамын сақтауымыз қажет.). ¨There appears to be an element of truth in his story. – Әңгімесі шындыққа жанасатын сияқты. 3.элемент, қоғамның белгілі бір ортасына жататын топ, тсс ¨moderate/radical elements within the party – партия ішіндегі байыпты/радикал элементтер/топтар ¨unruly elements in the school – мектептегі тентек/сотқар оқушылар 4.(химиялық) элемент 5.топырақ, ауа, от және су(дың біреуі. Бұрынғы кезде ғалам осы төртеуінен құралған деп сенген.) 6.the ~s (нашар) ауа райы ¨Are we going to brave the elements and go for a walk? – Мына ауа райына қарамастан жүріп қайтпақпыз ба? ¨to be exposed to the elements – нашар ауа райына тап болу 7. ~s негіз, басты принциптер (syn: basics) ¨You must understand the elements of the mathematics before we can proceed further. – Ең әуелі математиканың негіздерін түсінуге тиіссің, сосын әрі жылжимыз. 8.табиғи не қолайлы орта ¨Water is a fish's natural element. – Су балықтың табиғи ортасы. 9.жабдықтың, аспаптың ысытатын бөлігі ¨The kettle needs a new element. – Шәйнектің ысытқышын ауыстыру қажет. 10. (idm) *in your element өзінің үйреншікті ортасында, ісінде дег мағ ¨The children are really in their element playing on the beach. – Балалар пляжда асыр салып ойнап жатыр. *out of your element өзінің үйреншікті ортасында, ісінде емес дег мағ ¨I feel out of my element talking about politics. – Саясат жайлы айтқанда құтым қашады.