else [els] adv 1.тағы, және (де), басқа ¨What else did he say? – Ол тағы не айтты? ¨I don't want anything else, thanks. – Рахмет, басқа ешнәрсе керек емес. ¨I'm taking a few clothes and some books, not much else. – Бірнеше киім мен кітаптан басқа ешнәрсе алмаймын. 2.басқа ¨Ask somebody else to help you. – Көмекті басқа біреуден сұра. ¨Haven't you got anything else to wear? – (Бұдан) басқа киер ешнәрсең жоқ па? ¨Why didn't you come? Everybody else was there. – Неге келмедің? (Басқаларының) бәрі де осында болды. ¨Yes I did give it to her. What else could I do? – Иә, мен оны соған бердім. Басқа не істер едім? 3. (idm) *or else 1.әйтпесе, өйтпеген жағдайда, болмаса, өйтпесе(ң), т.с.с. (syn: otherwise) ¨Hurry up or else you'll be late. – Шапшаңдат, әйтпесе кешігесің. ¨They can't be coming or else they'd have called. – Олардың келе жатуы мүмкін емес, әйтпесе олар телефон шалар еді ғой. 2.я болмаса, немесе ¨He either forgot or else decided not to come. – Ол я ұмытты не келмейін/келмей-ақ қаяйын деді. 3. (informal) әйтпесе құрисың дег мағ ¨Just shut up, or else! – Өшір үніңді, әйтпесе бар ғой!