embarrassing [ɪmˈbærəsɪŋ] adj 1.ыңғайсыз жағдайға қалдыратын, абдырататын ¨an embarrassing mistake/question/situation – ұят қате/ыңғайсыз сұрақ/жағдай ¨It can be embarrassing for children to tell complete strangers about such incidents. – Осындай оқиғалар жайлы балалардың мүлде бөтен адамдарға айтқаны ыңғайсыз болуы мүмкін. ¨It was so embarrassing having to sing in public. – Жұрт алдында ән салған өте ыңғайсыз екен. 2.ыңғайсыз, жүйкеге тиетін ¨The report is likely to prove highly embarrassing to the government. – Баяндаманың үкіметті өте ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін. ¨This EU ruling puts Britain in a very embarrassing position. – Евроодақтың мына ұйғарымы Британияны өте ыңғайсыз жағдайға қалдырады.