empty [ˈempti] A.adj (emptier, emptiest) 1.бос, ешнәрсе не ешкім жоқ ¨an empty box/glass – бос жәшік/стакан ¨empty hands – бос қол ¨an empty plate – бос табақ ¨The theatre was half empty. – Театр жартылай бос болды. ¨an empty house/room/bus – бос үй/бөлме/автобус ¨As it got later, the streets became empty. – Қас қарая көшелер босай бастады. ¨Is this an empty chair? – Мына кресло бос па? ¨The house had been standing empty for some time. – Үй біраз уақыт бос тұрды. ¨It's not good to drink alcohol on an empty stomach. – Ашқарынға арақ ішуге болмайды. ¨~ of sth (formal) The room was empty of furniture. – Бөлмеде жиһаз болмады. 2.мәнсіз, мағынасыз, құрғақ, бос (syn: hollow) ¨empty words – құрғақ сөздер ¨an empty promise – құрғақ уәде ¨an empty gesture aimed at pleasing the crowds – жұрттың көңілін табуға тырысқан мағынасыз ым/қимыл 3.бақытсыз, көңілі құлазыған, торыққан ¨Three months after his death, she still felt empty. – Ол (еркек) қайтыс болғаннан кейінгі үш айдан соң да ол құлазып жүрді. ¨My life seems empty without you. – Сенсіз өмірім тұл. B.v (-ties, -tying, -tied, -tied) 1.босату, тауысу, төгу, шығару ¨~ sth He emptied the ashtrays, washed the glasses and went to bed. – Ол күлсауыттарды босатты, стакандарды жуып, ұйықтауға кетті. ¨He emptied his glass and asked for a refill. – Стаканын тауысып, тағы да сұрады. ¨~ sth out I emptied out my pockets but could not find my keys. – Қалтамды ақтарсам да кілттерді таба алмадым. ¨~ sth out of sth She emptied the water out of the vase. – Ол вазадағы суды төкті. ¨~ sth of sth The room had been emptied of all furniture. – Бөлме барлық жиһазынан босады. ¨(figurative) She emptied her mind of all thoughts of home. – Ол ойынан үйі жайлы ойлардың бәрін шығарып тастады. 2.босап қалу ¨The streets soon emptied when the rain started. – Жауын жауа бастап еді көшелер босап қалды. ¨~ out The tank empties out in five minutes. – Контейнер бес минутта босайды. 3.~ sth (out) шығару, төгу ¨She emptied the contents of her bag onto the table. – Ол сөмкесіндегі заттарды столға төкті. ¨Many factories emptied their waste into the river. – Көптеген заводтар қалдықтарын суға төгеді. 4.~ sth босату, көшіру, кетіру (syn: evacuate) ¨Police had instructions to empty the building because of a bomb threat. – Бомба қаупіне байланысты полицияда ғимаратты босату жөнінде бұйрық болды. 5.құю; шығу ¨~ into/onto sth The Rhine empties into the North Sea. – Рейн Солтүстік теңізге құяды. ¨~ out into/onto sth Fans emptied out onto the streets after the concert. – Концерттен соң көрермендер көшеге толды.