end [end] A.n 1.соң, соңы, ақыр(ы), аяқ, аяғы, шек, шегі, ұш(ы) ¨at the end of the week – апта соңында ¨We didn't leave until the very end. – Соңына дейін кетпедік. ¨the end of the book – кітаптың соңы ¨We had to hear about the whole journey from beginning to end. – Саяхат жайлы басынан аяғына дейін тыңдауымызға тура келді. ¨It's the end of an era. – Бұл бір дәуір соңы. ¨Our end-of-season sale starts next week. – Маусым соңы саудамыз келесі жетіде басталады. ¨There'll be a chance to ask questions at the end. – Соңында сұрақ қоюға мүмкіндік болады. 2. ¨Turn right at the end of the road. – Жол соңында оңға бұрыл. ¨His office is the room at the other end of the corridor. – Оның кеңсесі - коридордың арғы шетіндегі бөлме. ¨I joined the end of the queue. – Кезектің соңына тұрдым. ¨Go to the end of the line! – Кезектің соңына/аяқ жағына барғын/барыңыз! ¨You've got something on the end of your nose. – Мұрныңның ұшында бірдеңе тұр. ¨Tie the ends of the string together. – Жіптің ұштарын бірге түй. ¨That's his wife sitting at the far end of the table. – Столдың арғы шетінде отырған оның әйелі. ¨We've travelled from one end of Mexico to the other. – Біз Мексиканың бір шетінен екінші бір шетіне саяхаттадық. ¨They live in the end house. – Олар соңғы үйде тұрады. 3. ¨the end of all his dreams – бар арманының ақыры ¨The meeting came to an end. – Кездесу бітті/аяқталды. ¨The war was finally at an end. – Соғыс ақыры бітті. ¨The coup brought his corrupt regime to an end. – Төңкеріс оның іріп-шіріген режимін жер жастандырды. ¨There's no end in sight to the present crisis. – Қазіргі дағдарыстың соңы көрінбейді. ¨They have called for an end to violence. – Олар бұзақылықты қоюға шақырды. ¨This latest attack could spell the end of the peace process. – Соңғы шабуыл/қастандық бейбіт процесті тоқтатуы мүмкін. ¨Let's put an end to these rumours once and for all. – Бұл қауесетті/өсек-аяңды біржолата доғаралық. ¨That was by no means the end of the matter. – Онымен мәселе тіпті де біте қоймады. 4.мақсат ¨They are prepared to use violence in pursuit of their ends. – Олар мақсаттарына жету үшін бұзақылыққа баруға дайын. ¨She is exploiting the current situation for her own ends. – Қазіргі жағдайды ол өз мақсатына пайдалануда. ¨He joined the society for political ends. – Ол саяси мақсаттарды көздей қоғамға мүше болды. ¨With this end in view they employed 50 new staff. – Осы мақсатты көздей олар елу адамды жаңадан жұмысқа алды. ¨We are willing to make any concessions necessary to this end. – Осы мақсатқа жету үшін біз кез-келген мәмілеге әзірміз. ¨They are working towards common ends. – Олар ортақ мақсаттар үшін жұмыс істеуде. 5.жұмыстың бөлігі, іс, шаруа ¨We need somebody to handle the marketing end of the business. – Бізге кәсібіміздің маркетиңімен айналысатын бір адам керек. ¨Are there any problems at your end? – Сенің салаңда/Сен жақта ешбір мәселе жоқ па? 6.ұш, арғы жақ ¨I answered the phone but there was no one at the other end. – Телефонды көтергенмін, алайда ар жақтын ешкімнің даусы шықпады. ¨Jean is going to meet me at the other end. – Жан мені арғы жақтан қарсы алмақ(шы). 7.(спортта) алаңның бір жартысы ¨The teams changed ends at half-time. – Командалар шаршыларын үзілістен соң алмастырады. 8. (BrE) тұқыл, қалдық ¨a cigarette end – темекі тұқылы ¨candle ends – майшам қалдықтары 9.өлім ¨She came to an untimely end. – Ол мезгілсіз қаза болды. ¨I was with him at the end. – Ол қайтыс болар кезде қасында болдым. ¨(literary) He met his end at the Battle of Waterloo. – Ол Ватерлоода қаза тапты. 10. (idm) *at the end of the day (BrE, informal) әрі-беріден соң, әрбірден соң, алып қарағанда, таразылағаннан соң ¨At the end of the day, he'll still have to make his own decision. – Әрі-беріден соң ол әлі өзі шешуі керек. *a bad/sticky end (BrE) көп асқанға бір тосқан, құрып, тсс тыну ¨He'll come to a sticky end one of these days if he carries on like that. – Өйте берсе ол өз түбіне өзі жетеді. *be at the end of sth шегіне жетті, сарқылды дег мағ ¨I'm at the end of my patience. – Шыдамым таусылды. ¨They are at the end of their food supply. – Азық-түліктері бітейін деді. *be at the end of your tether (BrE) (NAmE be at the end of your rope) тағат таппау, байыз таппау, жаны мұрнынының ұшында болу ¨You'd better let her know you're safe. She's at the end of her tether. – Оған сау екеніңді білдірсең етті. Уайымдап бітті ғой. *be the end (BrE, informal) қажығандықты, мезі болғандықты білдіреді *an end in itself өзі де маңызды дег мағ *the end justifies the means (saying) (сөзбе-сөз: көздеген мақсат қолданған шараны ақтайды) мақсатқа жету үшін не істесе де болады дег мағ *(reach) the end of the line/road тығырыққа тірелу, дәурені аяқталу дег мағ ¨A defeat in the second round marked the end of the line for last year's champion. – Екінші айналымдағы жеңіліс өткен жылғы чемпион үшін дәуреннің ақыры болды. *end of story (informal) (NAmE also end of…) әңгіме бітті дег мағ ¨If she doesn't agree, I won't go ahead. End of story. – Келіспесе, мен де бастамаймын. Әңгіме бітті. *end to end ұштарын, шеттерін тақастыра, тіркестіре, тақай ¨They arranged the tables end to end. – Олар столдардың шеттерін бір-бірлеріне тіркестіре/тақастыра қойды. *get/have your end away (BrE, slang) ойнас болу, жыныс қатынасына түсу *go to the ends of the earth жер түбіне бару, яғни, айтқанына жету үшін аянбау ¨I'd go to the ends of the earth to see her again. – Оны тағы бір көру үшін жер түбіне баруға әзірмін. *in the end a) ақыры соңында ¨He tried various jobs and in the end became an accountant. – Ол түрлі жұмыс істеп көріп, соңында бухгалтер болды. b) әрі-беріден соң, ойланып-толғанғаннан соң, ой елегінен өткізгеннен соң ¨You can try your best to impress the interviewers but in the end it's often just a question of luck. – Жұмысқа алушыларға қаншама ұнап бағамын десең де, әрбірден соң бәрі де бағыңа қарай болады. *keep your end up (BrE, informal) мұқалмау, еңсесі түспеу, жасымау *make (both) ends meet күнелту, бірді екіге жалғау, ілдәлдалап өмір сүру ¨Many families struggle to make ends meet. – Көптеген отбасылар бірді екіге жалғап күн көреді. *no end (informal) аса, өте дег мағ ¨It upset me no end to hear they'd split up. – Олардың ажырасып кеткенін естігенде төбемнен тас түскендей болды. *no end of sth (informal) көп, көптеген ¨We had no end of trouble getting them to agree. – Оларды көндіру үшін әжептәуір қиналдық. *not the end of the world (informal) ақырзаман емес ¨Failing one exam is not the end of the world. – Бір емтиханнан сүрінсең ақырзаман орнамас. *on end a) тік, тікесінен ¨It'll fit if you stand it on end. – Тікесінен қойсаң, сыяды. b) біржолата, ұшты-күйлі ¨He would disappear for weeks on end. – Ол апталап ұшты-күйлі жоғалады да кетеді. *put an end to yourself/put an end to it all өзіне өзі қол жұмсау B.v 1.біт(ір)у, аяқта(л)у ¨The road ends here. – Жол осы жерде бітеді. ¨How does the story end? – Әңгіме қалай бітеді? ¨The speaker ended by suggesting some topics for discussion. – Сөйлеуші талқылауға бірнеше мәселе ұсынып, сөзін аяқтады. ¨~ with sth Her note ended with the words: ‘See you soon.’ – Оның жазбасы «көріскенше», деп бітеді. ¨~ sth They decided to end their relationship. – Олар қатынастарын үзейін деп шешті. ¨~ sth with sth They ended the play with a song. – Олар пьесаны әнмен аяқтады. ¨‘And that was that,’ she ended. – «Ол сол болды», деп тәмамдады сөзін. 2.(idm) *a/the sth to end all sths нағыз, керемет, басқалары жайына қалады дег мағ ¨The movie has a car chase to end all car chases. – Фильмде машинамен қашады, бұл енді машинамен қашып-пысудың нағыз көкесі. *end your days/life (in sth) өмірінің соңғы бөлігін пәлендей бір күйде өткізу ¨He ended his days in poverty. – Ол өмірін кедейлікпен аяқтады. *end in tears (BrE, informal) бармақ тістеу, сан соғып қалу деген мағ *end it all/end your life өзіне-өзі қол жұмсау 3. (phr v) *end in sth 1.бірнәрсеге аяқталу ¨The word I'm thinking of ends in ‘-ous’. – Мен ойлап отырған сөз ‘-ous’-қа бітеді. 2.пәлендей нәтижемен біту ¨Their long struggle ended in failure. – Олардың ұзақ айқасы құрдымға кетті. ¨The debate ended in uproar. – Олардың пікірталасы ұрыспен бітті. *end up тап болу, ұрыну, душар болу дег мағ ¨~ doing sth I ended up doing all the work myself. – Ақырында барлық жұмысты өзім(е) тындыруға тура келді. ¨At first he refused to accept any responsibility but he ended up apologizing. – Әуелі ол ешнәрсені мойындамады, сосын артынан кешірім өтінді. ¨If you continue to steal you will end up in prison. – Ұрлығыңды тоқтатпасаң, түрмеден бір-ақ шығасың. ¨If he carries on driving like that, he'll end up dead. – Егер ол осылай машина айдауын жалғастыра берсе, жаны жәһәннәмнан бір-ақ шығады.