endow [ɪnˈdaʊ] v 1.~ sth өсиет ету, өсиет етіп қалдыру; жарылқау, көмек ретінде беру ¨In her will, she endowed a scholarship in the physics department. – Өсиет хатында физика факультетіне стипендия қалдырыпты/факультетін стипендиямен жарылқапты. 2. (idm) *be endowed with sth (formal) табиғи, құдай жарылқаған қасиеті болу ¨She was endowed with intelligence and wit. – Жаратылысынан ол зерек әрі алғыр еді. ¨The stones are believed to be endowed with magical powers. – Тастарда сыйқырлы күш бар-мыс/бар екен дейді. *endow sb/sth with sth (formal) дарыту, беру ¨She had endowed Marcus with the qualities she wanted him to possess. – Ол Маркустің бойына оған қажет деген қасиеттерді дарытты. ¨to endow sb with a responsibility – біреуге жауапкершілік арту/жүктеу