question [ˈkwestʃən] A.n 1.сұрақ, сауал ♦You didn't answer my question. – Сұрағыма жауап бермедің(із). ♦You will have the opportunity to ask questions. – Сұрақ сұрайтын мүмкіндігің(із) болады. ♦Does anyone have any questions? – Ешкімде сұрақ жоқ па? ♦That's a very interesting question. – Өте қызық сұрақ екен. 2.сұрақ (үй тапсырмасының, тб) ♦Question 3 was very difficult. – 3-інші сұрақ қиын болды. ♦I couldn't do Question 6. – 6-ншы сұрақты істей алмадым. ♦You must answer all ten questions. – Он сұрақтың бәріне жауап беруге тиіссің. 3.сұрақ, мәселе ♦This is an issue that raises many important questions. – Бұл көптеген маңызды сұрақтарды қамтитын мәселе. ♦∼ of smth Let's look at the question of security. – Қауіпсіздік мәселесіне қаралық. ♦Finally we shall deal with the question of cost. – Соңынан құн мәселесімен айналысамыз. 4.сұрақ, шүбә, күмән ♦His suitability for the job is open to question. – Жұмысқа ол лайық па, жоқ па – ашық сұрақ. ♦beyond ∼ Her honesty is beyond question. – Оның адалдығында күмән жоқ. 5. (idm) *beg the question сұрақ келеді/ туады ♦All of which begs the question as to who will fund the project. – Бәрінен бұрын жобаны кім қаржыландырады деген сұрақ туады. ♦This proposal begs the question of who is going to pay for the new building. – Бұл ұсыныстан жаңа ғимарат үшін кім төлейді деген сұрақ туындайды. *good question! (informal) қызық сұрақ (екен)! (сұрақтың жауабын білмегенде айтылады) ♦‘How much is all this going to cost?’ ‘Good question!’ – «Бұның бәрі(нің құны) қанша болады?» «Қызық сұрақ!» *in question a) әлгі, сол, әңгімелеп жатқан, әңгіме болып жатқан ♦On the day in question we were in Cardiff. – Әлгі күні біз Кардифте болдық. b) күмәнді, дүдәмал, белгісіз ♦The future of public transport is not in question. – Қоғамдық транспорттың болашағы бұлыңғыр емес. ♦His sincerity is not in question. – Оның адалдығында шүбә жоқ. just/merely/only a question of (doing) smth түсінікті/ айқын, тб мәселе ♦It's merely a question of time before the business collapses. – Бизнес әне-міне омақасайын деп тұр. ♦It's just a question of deciding what you really want. – Әшейін өзіңе не керек екенін шешсең болды. ♦Dance is a question of control and creative expression. – Би (дегеніміз) – өз қимылын бақылау мен ішкі дүниесін шебер білдіру. ♦I would love to come, but it’s a question of time. – Келер-ақ едім, бірақ уақыт болмай тұр. *a moot point/question [қ-з: point (A20)] *out of the question мүмкін емес ♦Another trip abroad this year is out of the question. – Бұл жылы тағы шетелге шығу мүмкін емес. ♦You can’t go in that old shirt – it’s out of the question. – Ана ескі жейдемен бара алмайсың – мүмкін емес. *pop the question (informal) [қ-з: pop (C10)] *there is/was no question of smth happening/of smb doing smth мүмкін емес ♦There is no question of the project being postponed. – Жобаның кейінге ысырылуы мүмкін емес. B.v 1.сұрау, сауал қою; тергеу, жауап алу ♦∼ smb Police are keen to question any witnesses. – Полиция кез-келген куәден жауап алғысы келеді. Two men are being questioned by police. – Екі кісіні полиция тергеуде. ♦Over half of those questioned said they rarely took any exercise. – Сауалға жауап бергендердің жартысынан астамы өте сирек шынығатынын айтты. ♦∼ smb about smth She was arrested and questioned about the fire. – Оны тұтқындап, өрт жайлы тергеді. ♦∼ smb on smth The students were questioned on the books they had been studying. – Өздері оқып жатқан кітаптар жөнінде студенттерге сұрақ қойды. ♦‘What's wrong?’ she questioned. – «Не болып қалды?», деп сұрады ол. 2.сұрақ қою, күмәндану, шүбәлану ♦∼ smth I just accepted what he told me. I never thought to question it. – Оның айтқанына сендім. Ешқашан күмәнданған емеспін. ♦No one has ever questioned her judgement. – Оның пікіріне ешкім ешқашан шүбәланған емес. ♦At times I question the wisdom of that decision. – Кейде көңлімде әлгі шешім дұрыс болды ма деген сұрақ туады. ♦I seriously question his ability to do his job. – Оның (өз) жұмысын істей алатынына күмәнім бар. ♦∼ whether, what, etc…. He questioned whether the accident was solely the truck driver's fault. – Оқиғаға тек жүк көлігі жүргізушісі кінәлі ме деген сұрақ оның ойында жүрді.