engage [ɪnˈɡeɪdʒ] v 1.~ sth (formal) тарту, қатыстыру, жұмылдыру ¨It is a movie that engages both the mind and the eye. – Ой мен көздің екеуіне де салмақ салатын фильм. ¨Their pleas failed to engage any sympathy. – Олардың жалбарынысына ешкім бүйрек бұрмады. 2.~ sb (as sth)/~ sth/~ sb to do sth (formal) жалдау, жұмысқа тарту ¨He is currently engaged as a consultant. – Қазір ол консультант болып істейді. ¨We will have to engage the services of a translator. – Бізге тәржімеші жалдау керек болады. 3.~ (with sth/sb) араласу, кірісу, айналысу, шұғылдану ¨She has the ability to engage with young minds. – Ол жастармен жұмыс істей біледі. 4.~ (sb) (formal) шайқасу, айқасу, ұрысқа, соғысқа кірісу ¨to engage the enemy – жаумен шайқасу/айқасу 5.(машинаны, техниканы) қосу, істету (opp: disengage) ¨The two cog-wheels engaged and the machine started. – Екі тісті дөңгелек қосылды дағы машина (техника) істеп кетті. ¨~ with sth One cogwheel engages with the next. – Бір тісті дөңгелек екіншісімен қосылады. ¨~ sth Engage the clutch before selecting a gear. – Жылдамдыққа (скоростке) салмас бұрын муфтаны бас. 6. (phr v) *engage in sth/engage sb in sth (formal) аралас(тыр)у, кіріс(тір)у ¨Even in prison, he continued to engage in criminal activities. – Түрмеде/абақтыда жатқан кезде де ол қылмысты әрекетін тыймады. ¨She tried desperately to engage him in conversation. – Ол жанұшыра оны сөзге тартқысы келді.