engaged [ɪnˈɡeɪdʒd] adj 1. (formal) қолы бос емес, бірнәрсемен айналысқан, шұғылданған ¨~ (in sth) They are engaged in talks with the Irish government. – Олар Ирландия үкіметімен келіссөздер жүргізуде. ¨They were engaged in conversation. – Олар әңгімелесуде. ¨~ (on sth) He is now engaged on his second novel. – Ол қазір өзінің екінші романымен айналысуда. ¨I can't come to dinner on Tuesday - I'm otherwise engaged. – Сейсенбі күнгі тамаққа келе алмаймын – басқа шаруам бар. 2.атасқан, атастырған, сақина салған, үкі таққан (үйленуге келісім берген) ¨When did you get engaged? – Қашан атасып едің? ¨an engaged couple – атасқан/атастырылған қосақ/жұп ¨~ to sb She's engaged to Peter. – Ол Питерге атастырылған. ¨They are engaged to be married. – Олар үйленбек болып атасыпты. 3. (BrE) (NAmE busy) бос емес (телефон желісі) ¨I couldn't get through - the line's engaged. – Шала алмадым – желі бос емес. ¨I phoned earlier but you were engaged. – Бағана шалғамын, бірақ бос болмадың. ¨the engaged tone/signal – (желінің) бос еместік үні/сигналы 4. (BrE) (туалет, т.с.с. ж) бос емес (opp: vacant)