engagement [ɪnˈɡeɪdʒmənt] n 1.атасу, атастыру, сақина салу, үкі тағу (үйленуге келісім беру) ¨Their engagement was announced in the local paper. – Олардың атасқанын жергілікті газет жазды. ¨~ (to sb) She has broken off her engagement to Charles. – Ол Чарльзбен атасуын бұзыпты/Чарльзге берген келісімінен айныпты. ¨an engagement party – үкі тағу/сақина салу/атасу сауығы/тойы 2.жоспарланған іс, шара, іс-шара т.с.с. ¨an engagement book/diary – жоспар кітабы/күнделігі ¨He has a number of social engagements next week. – Келесі аптада оның бірқатар әлеуметтік ісі/іс-шарасы бар. ¨It was her first official engagement. – Ол оның алғашқы ресми шарасы еді. ¨I had to refuse because of a prior engagement. – Жоспарланған шаруам болғандықтан бас тартуға тура келді. 3. (technical) (әскерлер арасындағы) шайқас, айқас, ұрыс, соғыс ¨The general tried to avoid an engagement with the enemy. 4. ~ (with sb/sth) (formal) араласу, кірісу, айналысу, шұғылдану ¨Her views are based on years of engagement with the problems of the inner city. – Оның көзқарасы өзінің қала мәселелерімен жылдар бойы айналысқандығынан қалыптасқан. 5. (BrE) жалдау, жұмысқа алу ¨The terms of engagement are to be agreed in writing. – Еңбек шарты жазбаша түрде келісіледі.