engineer [ˌendʒɪˈnɪə(r)] A.n 1.инженер (мотор, машина, жол, көпір, т.с.с. жобалаушы әрі жасаушы, салушы) 2.инженер (машина, электротехника, т.с.с. жөндеуші) ¨They're sending an engineer to fix the phone. – Телефон жөндеуге олар бір инженер жөнелтуде. 3.инженер (кеме не ұшақ моторын жөндеуші) ¨a flight engineer – ұшақ инженері ¨the chief engineer on a cruise liner – круиз лайнерінің (кемесінің) бас инженері 4. (NAmE) (BrE engine driver) машинист (локомотивтің, пойыздың) 5.әскери инженер B.v 1.~ sth жобалап жасау я салу, инженерлеу ¨The car is beautifully engineered and a pleasure to drive. – Машина жақсы-ақ жобаланыпты әрі айдауға тамаша. 2. ~ sth генетикалық структурасын, генін өзгерту (syn: genetically modify) ¨genetically engineered crops – гені өзгерген дақылдар 3. ~ sth (often disapproving) ойластыру, жымысқылық жасау, арамзалық ету (syn: contrive) ¨She engineered a further meeting with him. – Ол (әйел) онымен (еркекпен) тағы бір жүздесудің сәтін ойластырды.