questionable [ˈkwestʃənəbl] adj 1.күмәнді, шүбәлі, сұрақ туғызатын, кілтипаны бар (syn: debatable) ♦The statistics are highly questionable. – Статистика – өте күмәнді. ♦The conclusions that they come to are highly questionable. – Олардың қорытындысында кілтипан көп. ♦it is ∼ whether… It is questionable whether this is a good way of solving the problem. – Мәселені осылай шешкен дұрыс па деген сұрақ төтесінен туады. 2.риялы, есеппен істелген, кілтипаны бар (syn: suspect) ♦Her motives for helping are questionable. – Оның көмектесуінде бір кілтипан бар. ♦He may have used slightly questionable means to get what he wanted. – Дегеніне жету үшін ол жымысқылыққа да барған болар. ♦He was a man of questionable character. – Оның мінезінің бір кілтипаны бар еді.