envy [ˈenvi] A.n 1.қызғаныш, көре алмау(шылық), іші ашу(шылық) (syn: jealousy) ¨~ (of sb) He couldn't conceal his envy of me. – Мені қызғанатынын ол жасыра алмады. ¨~ (at/of sth) She felt a pang of envy at the thought of his success. – Оның табысын еске алғанда іші ду ете қалды. ¨They looked with envy at her latest purchase. – Оның алған затына олар қызғана қарады. ¨Her colleagues were green with envy. – Әріптестері қызғаныштан көгеріп кетті. 2. (idm) *be the envy of sb/sth қызығатын, сүйсінетін адам/нәрсе ¨British television is the envy of the world. – Британия телевизиясына бүткіл әлем қызыға қарайды. B.v (envies, envying, envied, envied) қызғану, көре алмау; (өте) қызығу ¨~ sb He envied her - she seemed to have everything she could possibly want. – Ол оны қызғанатын – оған ол не қаласа соны алатындай көрінетін. ¨~ sth She has always envied my success. – Ол менің табысымды ылғи да қызғанады. ¨~ sb sth I envied him his good looks. – Оның әдемі келбетін қызғандым. ¨~ sb doing sth I envy you having such a close family. – Бауырмал жанұяңның болғанына қызығамын. ¨not ~ sb It's a difficult situation you're in. I don't envy you. – Жағдайың қиын екен. Басқа келмесін. ¨not ~ sb sth I don't envy her that job. – Жұмысының қызығатын ештеңесі жоқ.