equivalent [ɪˈkwɪvələnt] A.adj эквивалент, балама, тепе-тең, тең, барабар, парапар, сай, сәйкес ¨250 grams or an equivalent amount in ounces – 250 грамм не соның унциямен өлшегендегі баламасы/теңі ¨~ to sth Eight kilometres is roughly equivalent to five miles. – Сегіз километр шамамен бес мильге тең. ¨The new regulation was seen as equivalent to censorship. – Жаңа ережелер цензураға барабар деп танылды. B.n эквивалент, балама, тепе-тең, тең, барабар, парапар, сай, сәйкес нәрсе, тсс ¨Send €20 or the equivalent in your own currency. - €20 немесе соған тең мөлшерде өз валютаңды жібер. ¨~ of/to sth ¨Is there a French word that is the exact equivalent of the English word ‘home’? – Ағылшынның ‘home’ (үй) сөзіне келетін французша балама сөз бар ма екен? ¨Breathing such polluted air is the equivalent of smoking ten cigarettes a day. – Мына лас ауаны жұту күніне он темекі шеккенмен бірдей. ¨The English ‘primary school’ is the closest equivalent to the “бастауыш мектеп” in Kazakhstan. – Ағылшынның ‘primary school’-ы Қазақстандағы “бастауыш мектепке” сай келеді.