escape [ɪˈskeɪp] A.v 1.қашу, қашып кету ¨Two prisoners have escaped. – Екі тұтқын қашып кетті. ¨They were caught trying to escape. – Олар қашамыз дегенде ұсталды. ¨~ from sb/sth He escaped from prison this morning. – Ол түрмеден бүгін таңертең қашып кетіпті. 2.құтылу, аман қалу, сытылу ¨~ (from sth) She managed to escape from the burning car. – Жанып жатқан машинадан ол қашып/сытылып үлгерді. ¨~ (into sth) (figurative) As a child he would often escape into a dream world of his own. – Сәби кезінде ол көбінесе өзінің қиял әлеміне шоматын. ¨~ sth They were glad to have escaped the clutches of winter for another year. – Олар қыс құрсауынан тағы бір жылға қашып құтылғандарына қуанды. ¨~ sth She was lucky to escape punishment. – Жолы болып, жазадан құтылды. ¨The pilot escaped death by seconds. – Ұшқыш әзер дегенде өлімнен құтылды. ¨There was no escaping the fact that he was overweight. – Оның салмағының артық болғаны шүбәсіз болатын. ¨~ doing sth He narrowly escaped being killed. – Өзін өлтірмекші болғандардан ол әрең сытылып кетті. ¨~ (with sth) I was lucky to escape with minor injuries. – Жолым болып аз ғана жарақатпен құтылдым. ¨Both drivers escaped unhurt. – Жүргізушілердің екеуі де аман қалды. 3.~ sb/sth ұмытылу, еске түспеу, байқалмау, көзге түспеу ¨Her name escapes me. – Атын ұмытып тұрғанымшы. ¨It might have escaped your notice, but I'm very busy at the moment. – Байқамаған шығарсың, бірақ қазір шаруам көп болып тұр. 4.(газ, сұйықтық ж) шығу, төгілу ¨Put a lid on to prevent heat escaping. – Ыстық шықпас үшін қақпағын жап. ¨toxic waste escaping into the sea – теңізге кетіп жатқан улы қалдық B.n 1. ~ (from sth) қашу, қашып кету(шілік), құтылу ¨an escape from a prisoner of war camp – соғыс тұтқындары лагерінен/концлагерден қашып кету ¨I had a narrow escape. – Әзер аман қалдым/қашып құтылдым. ¨There was no hope of escape from her disastrous marriage. – Өзінің тұсаудай болған некесінен қашып құтылуға үміт болмады. ¨He took an elaborate escape route from South Africa to Britain. – Оңтүстік Арфикадан Британияға ол ойластырылған жолмен қашты. ¨As soon as he turned his back, she would make her escape. – Ол (еркек) әрі бұрылған кезде әйел қашты да кетті. ¨(ауысп. мағ.) For her, travel was an escape from the boredom of her everyday life. – Ол үшін сапар шегу күнделікті күйкі тірліктен серпілуді білдіретін. 2.(газ, сұйықтық ж) шығу, төгілу ¨an escape of gas – газдың шығуы 3.(idm) *make good your escape (formal) қашып не құтылып кету, сытылу ¨He made good his escape from a crowd of journalists by jumping over a barrier. – Кедергіден секірді дағы ол анталаған журналистерден сытылып кетті.