essentially [ɪˈsenʃəli] adv негізінен, расында, шын мәнінде (syn: basically, fundamentally) ¨There are three essentially different ways of tackling the problem. – Проблемамен айналысудың негізінен үш түрлі жолы бар. ¨The pattern is essentially the same in all cases. – Барлық жағдайдың да сипаты шынында/негізінен бірдей. ¨Essentially, what we are suggesting is that the firm needs to change. – Тоқетерін айтқанда, біздің кеңесіміз – фирмада өзгерістер болуы қажет. ¨He was, essentially, a teacher, not a manager. – Ол, шынын айтқанда, менеджер/бастық емес мұғалім еді. ¨The article was essentially concerned with her relationship with her parents. – Мақала негізінен оның өз ата-анасымен арасы жайлы болды.