Euro [ˈjʊərəʊ] adj (informal) (көбінесе газеттерде) Европаға, Европалық Одаққа қатысты ¨Euro rules – Европадағы ережелер ¨His speech in the Euro debate was hardly stunning. – Оның Европа мәселелері дебатындағы сөзі пәлендей әсерлі болмады.
euro [ˈjʊərəʊ] n (symb €) (pl ~s or ~) евро (ЕО-ның көпшілік елдерінде қолд-н ақша, валюта) ¨The price is given in dollars or euros. – Бағалар доллармен не евромен көрсетілген. ¨I paid five euros for it. – Бұл үшін бес евро төледім. ¨10 million euro – 10 миллион евро ¨a 30-million-euro deal – 30 миллион евролық контракт ¨the value of the euro against the dollar – евроның долларға шаққанда(ғы) құны
Euro- [ˈjʊərəʊ] combining form (in nouns and adjectives) Европаға, Европалық Одаққа қатысты ¨a Euro-MP – Европарламент депутаты ¨Euro-elections – ЕО сайлаулары