even [ˈiːvn] A.adv 1.тіпті (де), да, де, та, те (шылаулары) ¨He never even opened the letter. – Ол тіпті ешқашан хатты ашқан емес. ¨It was cold there even in summer. – Жаздың өзінде (де) ол жер салқын болатын. ¨Even a child can understand it. – Бұл балаға да түсінікті. ¨She didn't even call to say she wasn't coming. – Ол келмейтінін айтып телефон шалмады да. 2.(салыстыра сөйлегенде) тіпті, әлдеқайда, да, де, та, те (шылаулары) ¨You know even less about it than I do. – Сен мұны менен де/әлдеқайда аз білесің. ¨She's even more intelligent than her sister. – Ол әпкесінен/сіңлісінен де/әлдеқайда ақылды. ¨Sally drives fast, but Olive drives even faster. – Сәлли қатты айдайды, ал Олив одан да қатты айдайды. 3.(дәлірек суреттегенде қолд) ¨It's an unattractive building, ugly even. – Тартымсыз кеңсе/ғимарат, сұрықсыз десе де болады. 4. (idm) *even as (formal) дәл сол уақытта дег мағ ¨Even as he shouted the warning the car skidded. – Ол айқайлап ескерте бергенде машина тайып кетті. *even if/though не болса да, қайтсе де дег мағ ¨I'll get there, even if I have to walk. – Жаяу барсам да ол жерге жетемін. ¨I like her, even though she can be annoying at times. – Кейде ығырды шығарса да мен оны жақсы көремін. *even now/then a) сонда да, солай болса да, бәрібір, сөйте тұра ¨I've shown him the photographs but even now he won't believe me. – Мен оған фотографияларды көрсеттім, сонда да/бәрібір ол маған сенбейді. ¨Even then she would not admit her mistake. – Сөйте тұра/бәрібір ол қатесін мойындар емес. b) (formal) осы не сол кезде ¨The troops are even now preparing to march into the city. – Осы кезде әскер қалаға басып кіруге дайындалып жатыр. *even so сонда да, солай болса да, дегенмен ¨There are a lot of spelling mistakes; even so, it's quite a good essay. – Жазғанда көптеген қате кеткенімен, тәп-тәуір эссе. B.adj 1.тегіс, жайпақ, жазық (opp: uneven) ¨You need an even surface to work on. – Жұмыс үшін жайпақ/тегіс жер керек. 2.біркелкі, бірқалыпты, бірдей (opp: uneven) ¨an even temperature all year – жыл бойы бірқалыпты температура ¨Children do not learn at an even pace. – Балалар бірқалыпты үйренбейді. 3.бірдей, тең (мөлшер) (opp: uneven) ¨Our scores are now even. – Енді ұпайымыз тең. ¨the even distribution of food – азық-түліктің бірдей/тең(дей) бөлінуі/таралуы 4. (екі адам не команда ж) (күштері) сай, тең, теңдес, бірдей (opp: uneven) ¨an even contest – бірін-бірі ала алмаған сайыс/теңдестер сайысы ¨The two players were pretty even. – Екі ойыншы бір-біріне сай екен. 5. жұп (сан) (opp: odd) ¨4, 6, 8, 10 are all even numbers. - 4, 6, 8, 10-ның бәрі де жұп сандар. 6.біркелкі, бірдей (opp: uneven) ¨even features/teeth – бет әлпеті келісті/тістері біркелкі 7.бірқалыпты, сабырлы, біртоға, ұстамды ¨She has a very even temperament. – Оның мінезі біртоға. ¨He spoke in a steady, even voice. – Ол баптай, бірқалыпты дауыспен сөз сабақтады. ¨Nothing disturbed the even tenor of our life. – Тіршілігіміздің бірқалыпты ырғағын ештеңе де мазаламады. 8. (idm) *be even (informal) қарымтасын қайтару, қарызын өтеу ¨If I pay for the meals then we're even. – Тамаққа мен төлесем, тең боламыз (яғни, қарызыңды қатарғаным). *be/get even (with sb) (informal) қарымтасын қайтару, есесін қайтару, ол қалай істесе, солай істеу ¨I'll get even with you for this, just you wait. – Қарымтасын қайтарамын әлі, көр де тұр. *break even істі не ақша жоғалтпай, не пайда көрмей тындыру ¨The company just about broke even last year. – Компания өткен жылы пайда да көрмеді, жоғалтпады да. *have an even chance (of doing sth) болуы да, болмауы да мүмкін, олай да, бұлай да болуы мүмкін дег мағ ¨She has more than an even chance of winning tomorrow. – Оның ертең жеңетін әжептәуір мүмкіндігі бар. ¨There's an even chance that the jury will find him guilty. – Алқабилер сотының оны кінәлі деп табуы да, таппауы да мүмкін. *on an even keel қалыпты арнада, бірқалыпты ¨Business is now back on an even keel after the postal strike. – Пошташылардың ереуілінен соң іс өзінің қалыпты арнасына оралды. ¨Setting her life back on an even keel after their break-up had been incredibly difficult. – Ажырасқаннан кейін оның өмірін қалыпты арнаға түсіру мүлде қиын болды. C.v 1.(idm) *even the score қарымтасын, есесін қайтару, өшін, кегін алу 2.(phr v) *even out бірқалыпты болу, тұрақта(н)у ¨House prices keep rising and falling but they should eventually even out. – Үй бағалары біресе түсіп, бірісе көтерілуде, алайда ақыры бір тұрақтануы керек. *even sth out бірдей, тең бөлу, тарату ¨He tried to even out the distribution of work among his employees. – Ол жұмыскерлері арасында істі тең бөлуге тырысты. *even sth up жағдайды, сайысты теңірек, бірдейірек ету ¨That will even things up a bit. – Бұл жағдайды реттеңкірейді.