every [ˈevri] det 1.әр, әрбір, кез-келген, қайсысы болсын ¨She knows every student in the school. – Ол мектептегі оқушылардың қайсысын болсын біледі. ¨I could hear every word they said. – Мен олар айтқан әр сөзді ести алдым. ¨We enjoyed every minute of our stay. – Ол жердегі әр сәт біз үшін қызық болды. ¨Every day seemed the same to him. – Оған әр күн бірдей болып көрінді. ¨Every single time he calls, I'm out. – Ол қай уақытта келмесін, мен басқа жақта жүремін. ¨I read every last article in the newspaper. – Газеттегі барлық мақаланы қалдырмай оқып шықтым. ¨They were watching her every movement. – Олар оның әр қадамын бағып отырды. ¨Every one of their CDs has been a hit. – Олардың қай CD-і де хит/һіт болуда. 2.бар, барлық ¨We wish you every success. – Сіз(дер)ге/Саған бар табысты тілейміз. ¨He had every reason to be angry. – Оның қалай да ашуланатын жөні бар еді. 3.сайын, әр ¨The buses go every 10 minutes. – Автобус(тар) он минут сайын жүреді. ¨We had to stop every few miles. – Бірнеше миль сайын тоқтап жүрдік. ¨One in every three marriages ends in divorce. – Әр үш некенің бірі ажырасумен тынады. ¨He has every third day off. – Ол әр үшінші күнде/үш күн сайын демалады. ¨We see each other every now and again. – Бір-бірімізді анда-санда көреміз. ¨Every now and then he regretted his decision. – Сол шешіміне ол өкініп жүретін. 4. (idm) *every other аралата, әрбір екінші, т.с.с. ¨They visit us every other week. – Олар бізге апта аралата/арасына апта салып келіп тұрады.