evolve [iˈvɒlv] v 1.(бірізді) даму, қалыптасу, жетілу ¨~ (from sth) (into sth) ¨The company has evolved into a major chemical manufacturer. – Компания ірі химикат өндірушіге айналды. ¨~ sth (from sth) Each school must evolve its own way of working. – Әр мектеп өзінің жұмыс салтын қалыптастыруы/жетілдіруі қажет. ¨He has evolved a new theory after many years of research. – Ол ұзақ жылғы зерттеулерден кейін жаңа теория қалыптастырды. 2.(biology) (өсімдіктер, жан-жануарлар ж) даму, қалыптасу, жетілу ¨~ (from sth) The three species evolved from a single ancestor. – Үш түр бір атадан/ататектен жетілген. ¨~ sth The dolphin has evolved a highly developed jaw. – Дельфинде өте жетілген жақ пайда болды.