example [ɪɡˈzɑːmpl] n 1. ~ (of sth) мысал ¨Can you give me an example of what you mean? – Айтқың келіп тұрған нәрсеге мысал келтіре аласың ба? ¨This dictionary has many examples of how words are used. – Бұл сөздікте сөздердің қолданысына қатысты көптеген мысалдар бар. ¨Just to give you an example of his generosity -he gave me his old car and wouldn't take any money for it. – Оның қаншалықты жомарт екеніне мысал келтірейін – маған ескі машинасын берді де ол үшін тиын да алмады. ¨It is important to cite examples to support your argument. – Дәлеліңді растайтын мысалдарды айтқан маңызды. ¨I shall take four different examples from contemporary literature to illustrate my point. – Пікірімді сипаттау үшін қазіргі заманғы әдебиеттен төрт түрлі мысал келтірейін. 2.мысал, үлгі ¨This is a good example of the artist's early work. – Бұл суретшінің алғашқы туындыларының бір жақсы үлгісі. ¨It is a perfect example of a medieval castle. – Бұл ортағасырлық қамалдың нақты үлгісі/қамалдар нақ осындай болған. ¨Japan is often quoted as the prime example of a modern industrial nation. – Жапония қазіргі заманғы өнеркәсіпті/индустриялы елдің басты үлгісі ретінде көп айтылады. ¨It is a classic example of how not to design a new city centre. – Бұл - жаңа қала орталығын қалай жоспарламау керектігіне ескерту/керектігін көрсетеді. 3.үлгі, өнеге, мысал ¨~ (to sb) Her courage is an example to us all. – Оның өжеттігі бәрімізге өнеге/үлгі. ¨He sets an example to the other students. – Ол басқа студенттерге үлгі болуда. ¨~ (of sth) She is a shining example of what people with disabilities can achieve. – Ол - кембағал адамдардың қандай жетістіктерге жете алатынын көрсететін жарқын үлгі/мысал. ¨He is a captain who leads by example. – Ол өнеге/үлгі боларлық капитан. ¨(ауысп. мағ.) It would be a mistake to follow his example. – Оның қылығына/Оған еліктеу қателік болады. 5. (idm) *for example (abbr e.g.) мысал үшін, мысалы ¨There is a similar word in many languages, for example in French and Italian. – Көптеген тілдерде осы сияқты сөздер бар, мысал үшін француз және итальян тілдерінде. ¨The report is incomplete; it does not include sales in France, for example. – Есеп/Баянат толық емес, мысалы оған Франциядағы сатулар енбеген. ¨It is possible to combine Computer Science with other subjects, for example Physics. – Компьютер ғылымын басқа салалармен үйлестірсе болады, мысалы физикамен. *make an example of sb біреуді үлгі/мысал ретінде жазалау