exempt [ɪɡˈzempt] A.adj ~ (from sth) (бірнәрсе істеуден) босаған, бос ¨The interest on the money is exempt from tax. – Ақшадан түскен өсім салықтан бос/өсімге салық салынбайды. ¨Some students are exempt from certain exams. – Кейбір студенттер біршама емтиханнан босаған. ¨goods exempt from tax – салықтан босаған товарлар ¨exempt from military service – әскери міндеттен босаған B.v ~ sb/sth (from sth/from doing sth) (formal) (бірнәрсе істеуден) боса(т)у ¨His bad eyesight exempted him from military service. – Көзі нашар көретіндіктен ол әскери қызметтен босады. ¨In 1983 charities were exempted from paying the tax. - 1983 жылы мейірім/қайырымдылық қорлары салықтан босады.
-exempt (in compounds, forming adjectives) ¨tax-exempt donations to charity - мейірім/қайырымдылық ісіне салықтан бос/салық салынбайтын жәрдем беру