expand [ɪkˈspænd] v 1.ұлғаю, жайылу, өсу (opp: contract) ¨Metals expand when they are heated. – Қыздырғанда метал көлемі ұлғаяды. ¨Student numbers are expanding rapidly. – Студенттер саны тез өсуде. ¨A child's vocabulary expands through reading. – Баланың сөз қоры оқығанда ұлғаяды. ¨The waist expands to fit all sizes. – Мына киім белі ұлғаятындықтан барлық размерге/көлемге лайық. ¨~ sth In breathing the chest muscles expand the rib cage and allow air to be sucked into the lungs. – Дем алған кезде кеуде бұлшық еттері қабырға қуысын кеңейтіп, өкпеге ауа енгізеді. ¨The new system expanded the role of family doctors. – Жаңа жүйе жанұя дәрігерлерінің рөлін арттырды. ¨There are no plans to expand the local airport. – Жергілікті әуежайды кеңейту жөнінде қандай да бір жоспар жоқ. ¨an expanding economy – ұлғайып бара жатқан экономика ¨~ sth We've expanded the business by opening two more stores. – Екі дүкен ашып бизнесімізді/ісімізді кеңейттік. 2.шешіліп сөйлеу ¨The guests expanded a little when when they’d had a glass or two of wine. – Бір-екі бокал шарап ұрттағаннан соң қонақтар шешіліп сөйлей бастады. 3. (idm) *expand on/upon sth кеңірек айту, шешіліп сөйлеу ¨Could you expand on that point, please? – Ана айтылған жайлы кеңірек сөйлей аласыз ба?