expense [ɪkˈspens] n 1.шығын, жұмсалған қаражат ¨The garden was transformed at great expense. – Бақшаны оңдау үшін көп қаржы кетті. ¨No expense was spared to make the party a success. – Тойды/Сауықты табысты ету үшін ақша аямады. ¨He's arranged everything, no expense spared. – Ол барлығын ойластырды, шығыннан қашпады. ¨She always travels first-class regardless of expense. – Қымбат болса да ол бірінші класпен саяхаттайды/сапар шегеді. ¨The results are well worth the expense. – Нәтиже кеткен шығындарға лайық болды. ¨Running a car is a big expense. – Машина ұстаудың өзі бір үлкен шығын. 2. ~s шығындар ¨living/household/medical/legal expenses – күнгөріс/тұрмыс/денсаулық/хұқықтық шығындар(ы) ¨Can I give you something towards expenses? – Жұмсауға бірдеңе берейін бе? ¨financial help to meet the expenses of an emergency – шұғыл жағдайда жұмсауға арналған қаржылай жәрдем ¨The payments he gets barely cover his expenses. – Оның тапқан ақшасы шығындарын әзер жабады. ¨You can claim back your travelling/travel expenses. – Іссапар шығындарын артынан қайтарғыза аласың. ¨(BrE) to take a client out for a meal on expenses – клиентті ұйым есебінен тамаққа шақыру ¨an all-expenses-paid trip – барлық шығындары өтелетін сапар 3.(idm) *at sb's expense 1.біреу төлеген, төлейтін ¨We were taken out for a meal at the company's expense. – Бізді компания есебінен тамаққа шақырды. 2.біреуді әжуалау *at the expense of sb/sth біреуге/бірнәрсеге зиян келтіре, есебінен ¨He built up the business at the expense of his health. – Бизнесін/Ісін қалаймын/тұрғызамын деп ол денсаулығына зиян келтірді. ¨an education system that benefits bright children at the expense of those who are slower to learn – зерек балаларға үлгерімі баяу балалардың есебінен пайдасы тиетін оқу жүйесі *go to the expense of sth/of doing sth/go to a lot of, etc. expense бірнәрсеге ақша жұмсау ¨They went to all the expense of redecorating the house and then they moved. – Олар үйді қайта жаңартуға аямай шығынданып, сосын барып көшті. *put sb to the expense of sth/of doing sth/put sb to a lot of, etc. expense біреуге ақша жұмсату, шығындандыру ¨Their visit put us to a lot of expense. – Олар келіп әжептәуір шығындандық.