experience [ɪkˈspɪəriəns] A.n 1.тәжірибе ¨to have over ten years' teaching experience – он жылдан көп мұғалімдік тәжірибесі болу ¨Do you have any previous experience of this type of work? – Бұған дейін осы сияқты жұмысты істеп көріп пе едің(із)? ¨a doctor with experience in dealing with patients suffering from stress – стрестен қиналған пациенттермен айналысу тәжірибесі бар дәрігер ¨My lack of practical experience was a disadvantage. – Практикалық тәжірибемнің аздығы аяқтан шалды. ¨She didn't get paid much but it was all good experience. – Көп ақша таппағанымен, бұның өзі бір жақсы тәжірибе болды. ¨He gained valuable experience whilst working on the project. – Жобаға жұмыс істеп жүріп ол бағалы тәжірибе жинады. ¨We all learn by experience. – Барлығымыз да істей жүріп үйренеміз. 2.бастан кешкен оқиға, тәжірибе, хикая ¨Experience has taught me that life can be very unfair. – Бастан кешкен оқиға өмірдің әділетсіз болатынын үйретті. ¨It is important to try and learn from experience. – Талпынып жүріп үйренген - маңызды. ¨In my experience, very few people really understand the problem. – Бұл мәселені көп адамның ұға бермейтініне көзім жетті. ¨She knew from past experience that Ann would not give up easily. – Әннің оңай айни қоймайтынына ол бұрын талай көз жеткізген. ¨The book is based on personal experience. – Кітап жеке бастан кешкен оқиғаларға/хикаяларға сүйенген. ¨direct/first-hand experience of poverty – кедейлікті өзі бастан кешу 3.оқиға, хикая ¨an enjoyable/exciting/unusual/unforgettable experience – қызықты/толқытатын/ерекше/ұмытылмас оқиға/хикая ¨~ (of sth) It was her first experience of living alone. – Бұл оның алғаш рет жалғыз тұруы/өмір сүруі еді. ¨Living in Africa was very different from home and quite an experience. – Африкада тұрған/өмір сүру үйдегіге мүлде ұқсамады әрі өзінше бір хикая болды. ¨I had a bad experience with fireworks once. – Отшашуға бір рет ұрынғаным бар. ¨He seems to have had some sort of religious experience. – Ол бір діни оқиғаны бастан кешкен сияқты. 4. the… ~ тіршілік ¨musical forms like jazz that emerged out of the Black American experience – қара америкалықтар ортасында пайда болған джаз сияқты музыкалық жанрлар 5. (idm) *put sth down to experience (also chalk sth up to experience) сабақ боларлық дег мағ ¨We lost a lot of money, but we just put it down to experience. – Көп ақша жоғалтсақ та сабақ болсын деп ойладық. B.v 1. ~ sth бастан кешіру, ұшырау, душар болу ¨The country experienced a foreign currency shortage for several months. – Бірнеше ай бойы ел шетел валютасының тапшылығына душар болды. ¨Everyone experiences these problems at some time in their lives. – Бұл сияқты проблемалар кімнің болсын басынан әйтеуір бір өтеді. 2. ~ sth сезіну ¨to experience pain/pleasure/unhappiness – шаншуды/рахатшылықты/бақытсыздықты сезіну ¨I experienced a moment of panic as I boarded the plane. – Ұшаққа отырар кезде сәл сасыңқырадым.