experiment [ɪkˈsperɪmənt] A.n тәжірибе, эксперимент, сынақ ¨to do/perform/conduct an experiment – тәжірибе/сынақ істеу/жасау/жүргізу ¨proved by experiment – тәжірибе дәлелдеген ¨laboratory experiments – лабораториялық эксперименттер/сынақтар ¨Many people do not like the idea of experiments on animals. – Жануарларға эксперимент жасағанды көп адам жақтырмайды. ¨The results of the experiment were inconclusive. – Тәжірибеден нақты бір қорытынды шықпады. ¨Facts can be established by observation and experiment. – Фактілер/Дәлелдер бақылау және тәжірибе жүзінде анықталады. ¨I've never cooked this before so it's an experiment. – Бұрын пісірмегендіктен бұл бір сынақ/тәжірибе. ¨The system was installed four years ago as an experiment. – Жүйені төрт жыл бұрын сынақ ретінде орнатқан болатын. ¨~ in sth the country's brief experiment in democracy – елдің демократиямен қысқа(ша) ұшырасуы/қысқа(ша) дем-қ тәжірибесі B.v ~ (on sb/sth)/~ (with sth) сынақ, тәжірибе, эксперимент жасау, істеу ¨Some people feel that experimenting on animals is wrong. – Кейбір адамдар жануарларға сынақ/эксперимент жасаған теріс деп ойлайды. ¨I experimented until I got the recipe just right. – Оң шешім тапқанымша әр нәрсені көріп бақтым. ¨He wanted to experiment more with different textures in his paintings. – Ол суреттерінде түрлі нақышты сынағыштап көргісі келді.