explain [ɪkˈspleɪn] v 1.түсіндіру, ұқтыру, аңдату ¨~ (sth) (to sb) First, I'll explain the rules of the game. – Алдымен, ойын ережесін түсіндіремін/түсіндіріп беремін. ¨It was difficult to explain the problem to beginners. – Оқуды енді бастағандарға проблеманы түсіндіру/ұқтыру қиын болды. ¨‘Let me explain!’ he added helpfully. – «Түсіндіріп берейін!», деді ол ұмсына. ¨~ that… I explained that an ambulance would be coming soon. – Жедел жәрдем көлігінің жуық арада келетінін түсіндірдім. ¨~ who, how, etc… He explained who each person in the photo was. – Ол фотографиядағы әркімнің кім екенін түсіндірді. ¨Can you explain how the email system works? – Э-почта жүйесі қалай істейтінін түсіндіріңізші? ¨~ to sb who, how, etc… She explained to them what to do in an emergency. – Төтенше жағдайда не істеу керектігін ол оларға түсіндірді. ¨‘It works like this,’ she explained. – «Бұл осылай істейді», деп түсіндірді ол. ¨it is ~ed that… It was explained that attendance was compulsory. – Қатысудың міндетті екендігі түсіндірілді. 2.(себебін) түсіндіру ¨She tried to explain but he wouldn't listen. – Ол түсіндіріп көрмек болғанымен ол тыңдамады. ¨~ that… Alex explained that his car had broken down. – Алекс машинасының сынып қалғанын айтып түсіндірді. ¨~ why, how, etc… Well, that doesn't explain why you didn't phone. – Жә, бірақ бұл сенің неге телефон шалмағаныңды түсіндірмейді/шалмағаныңа себеп бола алмайды. ¨~ sth (to sb) scientific findings that help explain the origins of the universe – ғаламның жаратылысын ұғуға көмектесетін ғылыми жаңалықтар ¨The government now has to explain its decision to the public. – Үкімет енді өз шешімін жұртқа түсіндіруі керек. ¨(informal) Oh well then, that explains it. – Бопты/Жақсы, енді түсінікті. ¨I'll explain to you why I like it. – Бұны не үшін жақсы көретінімді саған түсіндіремін/түсіндіретін боламын. 3. (idm) *explain yourself a)өзі түсіндіру ¨In recent weeks you’ve been late every day. Please explain yourself. – Соңғы апталарда сен/сіз күн сайын кешігіп жүрдің(із). Өзің(із) түсіндіріп бер(іңіз)ші. b)тәптіштеп түсіндіру ¨Could you explain yourself a little more - I didn't understand. – Нақтырақ түсіндіріп берші – ұқпадым. 4.(phr v) *explain sth away егжей-тегжейлі түсіндіру