explanation [ˌekspləˈneɪʃn] n 1.(себебін) түсіндіру, ұқтыру; түсініктеме ¨The most likely explanation is that his plane was delayed. – Не де болса ұшағы кешіккен шығар. ¨to offer/provide an explanation – түсініктеме беру ¨~ (for sth) I can't think of any possible explanation for his absence. – Оның неге келмегенін ұқсам бұйырмасын. ¨~ (for doing sth) She didn't give an adequate explanation for being late. – Неге кешіккенін ол дұрыстап түсіндіре алмады. ¨~ (of sth) The book opens with an explanation of why some drugs are banned. – Кітаптың кіріспесінде/басында кейбір дәрілерге неге тыйым салынғаны жайлы айтылған. ¨~ (as to why…) an explanation as to why he had left early – оның неге ерте кеткенінің себебі ¨She left the room abruptly without explanation. – Ол үн-түн деместен бөлмеден шықты да кетті. ¨‘I had to see you,’ he said, by way of explanation. – «Сені көруім керек болды», деп ол түсіндіре айтты. 2.(жай-жапсарды, қалай істейтінін) түсіндіру, ұқтыру; ескерту, түсіндірме ¨For a full explanation of how the machine works, turn to page 5. – Жабдықтың қалай істейтіні туралы толық түсіндірмені оқу үшін 5-інші бетті ашыңыз. ¨The teacher gave the children a detailed explanation of the story. – Мұғалім балаларға әңгімені тәптіштеп түсіндіріп берді.