explicit [ɪkˈsplɪsɪt] adj 1.анық, нақты, түсінікті (мәлімдеме, жазба) ¨He gave me very explicit directions on how to get there. – Ол маған ол жаққа қалай жету керектігін нақты түсіндірді. 2.ашық, нақты (айтылған ой) (syn: frank) ¨She was quite explicit about why she had left. – Ол өзінің неге кеткенін ашық айтты. ¨The reasons for the decision should be made explicit. – Неге бұлай шешім шыққанын ашық түсіндіру қажет. ¨She made some very explicit references to my personal life. – Ол менің жеке өмірімнің кейбір жай-жапсарлары жайлы ашық айтты. ¨a sexually explicit film – көпе-көрнеу сексуальді/сексшең фильм