expose [ɪkˈspəʊz] v 1.ашып көрсету, жалаңаштау, білдіру (syn: reveal) ¨~ sth He smiled suddenly, exposing a set of amazingly white teeth. – Кенет күліп, ол өзінің маржандай тізілген тістерін көрсетіп алды/жарқ еткізді. ¨Miles of sand are exposed at low tide. – Су қайтқан кезде талай мильге созылған құм жалаңаштанады. ¨My job as a journalist is to expose the truth. – Журналист ретіндегі жұмысым – шындықты ашып көрсету. ¨~ sth to sb He did not want to expose his fears and insecurity to anyone. – Ол қорқынышы мен осалдығын ешкімге білдіргісі келмеді. 2. ~ sb/sth (as sth) әшкерелеу, сырын ашу ¨She was exposed as a liar and a fraud. – Ол суайт әрі алаяқ ретінде әшкереленді. ¨He threatened to expose the racism that existed within the police force. – Ол полиция күштері арасындағы/арасында бар нәсілшілдікті әшкерелеймін деп қаһарланды. 3. ~ sb/sth/yourself (to sth) қауіптің өтінде болу, өзін қорғаусыз, ашық қалдыру, өзіне қауіп төндіру, басын қатерге тігу ¨to expose yourself to ridicule – өзін елдің мысқылына ұшырату ¨Do not expose babies to strong sunlight. – Балаларды қатты күн сәулесіне тоспа/шығарма. ¨The roof collapsed, exposing the timbers to the elements. – Шатыр құлап, белағаштар күн астында қалды. ¨You could be exposing yourself to unnecessary risks when driving alone. – Жалғыз машина айдағанда өзіңе бекер(ге) қауіп төндіресің. 4. ~ sb to sth таныстыру, көрсету, білдіру ¨We want to expose the kids to as much art and culture as possible. – Балаларымызға мейлінше өнер мен мәдениетті таныстырғымыз келеді. ¨mountain communities that had not been exposed to tourism before – бұрын-соңды туризмді білмеген таудағы/таулық қауымдар 5.~ sth фотографияға, суретке тарту 6.~ yourself (бәдіктік жасап) жыныс мүшесін көрсету
exposé [ekˈspəʊzeɪ] n әшкерелейтін жайттар, фактілер ¨a damning exposé of police corruption – полициядағы парақорлықты әшкерелейтін фактілер